• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбек министрлігінде JOLTAP жобасын өңірлерде іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде JOLTAP әлеуметтік жобасын еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыру мүмкіндігі талқыланды. Кездесуге Министрлік өкілдері, JOLTAP жобасының жетекшісі Дана Жүнісова және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Кездесуде жобаның нәтижелері таныстырылып, оның тәжірибесін Қазақстанның басқа өңірлерінде қолдану жолдары қаралды. Бүгінде азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіби дағдыларын дамытуға көмектесетін тиімді тәсілдерді зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев JOLTAP жобасының жұмысымен танысып, Астанадағы оқу алаңдарын аралаған болатын.

Жоба өкілдері азаматтарға қысқа мерзімде сұранысқа ие дағдыларды үйретіп, кейін жұмысқа орналасуына немесе өз ісін бастауына көмектесетін оқыту жүйесін таныстырды. Бағдарлама аясында жұмысшы мамандықтары мен цифрлық бағыттар бойынша білім беріледі. Қатысушылар тәжірибе жүзінде үйреніп, оқу аяқталғаннан кейін де жұмыс іздеу, еңбек нарығына шығу немесе кәсіп бастау кезінде қолдау алады.

Кездесуде жобаны әр өңірдің ерекшелігіне қарай бейімдеу мәселесіне де назар аударылды. Ол үшін өңірдегі еңбек нарығының жағдайын, қандай мамандарға сұраныс бар екенін, қажетті дағдыларды, оқу орындары мен оқу алаңдарының мүмкіндіктерін және жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуға дайындығын ескеру қажет.

Жұмыс берушілермен бірлесіп, оқу бағдарламаларын еңбек нарығындағы нақты сұранысқа сай әзірлеу көзделіп отыр. Сонда азаматтар оқу кезінде алған білімін жұмысқа орналасуға немесе өз кәсібін бастауға пайдалана алады.

6 қазанда министр JOLTAP жобасының  жұмысымен танысқан кезде жоба нәтижелері ұсынылған болатын. Мәліметке сәйкес,  22,3 мың адам оқудан өткен. Олардың 60%-ы жұмысқа орналасқан, ал 23%-ы фрилансер ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар 2 мыңнан астам қатысушы өз ісін ашқан.

«Тиімді жобаларды басқа өңірлерде де жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру маңызды. Бұл ретте жергілікті еңбек нарығының сұранысы мен азаматтардың қажеттіліктері ескерілуге тиіс. Негізгі мақсатымыз тұрғындарға қолжетімді оқыту мүмкіндігін ұсынып, жаңа дағдыларды меңгеруіне, жұмысқа орналасуына, табысын көбейтуіне және жеке кәсібін дамытуына қолдау көрсету», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.

Тараптар JOLTAP жобасын өңірлерде іске асырудың ықтимал жолдарын бірлесіп пысықтауға келісті. Бұл ретте әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен кадрларға деген сұранысы ескеріледі. Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта оқытудың тәжірибелік маңызына, азаматтар үшін білім алу мүмкіндігінің қолжетімді болуына және оқу аяқталғаннан кейін олардың еңбек нарығына шығуына басымдық берілмек.

  • 20.10.2026
  • 7
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика