- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Агенттік пен ЕҚДБ Қазақстанның капитал нарығын және сақтандыру секторын дамытудағы ынтымақтастықты талқылады
Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы кездесулері аясында Агенттік Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның қаржы нарығында іске асырылған ауқымды заңнамалық және реттеушілік қайта құрулардың негізгі нәтижелері талқыланды. Капитал нарығын және сақтандыру секторын дамытудың дайындалған бағдарламаларының негізгі бағыттарына, сондай-ақ аталған салаларда жоспарланған заңнамалық бастамаларға ерекше назар аударылды.
ЕҚДБ-ның капитал нарығы мен сақтандыру нарығын реттейтін жаңа заңдар шеңберінде халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық практикаларды енгізудегі маңызды рөлі атап өтілді.
- 23.10.2026
- 6


