- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Студенттік GhostTech жобасы HackAlem AI хакатонының «Білім беру» бағыты бойынша жеңімпаз атанды
23 қазанда жасанды интеллект негізінде инновациялық шешімдер әзірлеуге мыңдаған қатысушыны біріктірген HackAlem AI халықаралық хакатоны жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг қатысты.
Рәсімнің басында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, жасанды интеллектіні дамытудың, дарынды жастарды қолдаудың және инновациялық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасаудың маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында министр «Білім беру» бағыты бойынша жеңімпаз атанған GhostTech жобасының авторы Ян Құрманбаевқа марапат табыстады. GhostTech – нақты бизнес міндеттері бар кәсіпкерлер мен сол міндеттерді шешуге дайын студенттік командаларды біріктіретін платформа.
🔗 gov.kz
- 23.10.2026
- 3


