- Блогтар
- Омаров М.Т.
Омаров М.Т.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы
БҚДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Агенттік Төрағасы Марат Омаров ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде әрбір қызметкердің қосып жүрген үлесінің маңыздылығын атап өтті.
«Құрметті әріптестер! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Агенттігіміздің басты құндылығы - әділ бәсекелестікті дамытуға үлес қосып жүрген қызметкерлеріміз.
Биылғы басым міндеттердің қатарында алтыншы монополияға қарсы пакетті Құрылтайдың қарауына енгізу және Ұлттық жекешелендіру офисінің жүйелі жұмысын жалғастыру бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау - ортақ міндетіміз.
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында бәсекелестікті дамытуда жаңа нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Республика күні құтты болсын!» - деді Марат Омаров.
Іс-шара барысында Агенттік қызметкерлері кәсібилігі, адал еңбегі, бәсекелестікті дамытуға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы
№ 1534 Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Салават Даутович Вахитов, Агенттіктің Тергеу департаменті директорының орынбасары Диас Қуанышбекұлы Баяманов және Қаржы нарықтары департаменті директорының орынбасары Мұрат Ргебайұлы Рақымжан марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 162-НҚ бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Әкімшілік-қаржы департаментінің бас консультанты Алмажан Жебегенқызы Омарова марапатталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026 жылғы 21 қазандағы № 437-ж/қ бұйрығына сәйкес «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен Әкімшілік-қаржы департаменті директорының орынбасары Бақытгүл Мәмбетханқызы Құсайынова марапатталды.
Агенттік марапатталған қызметкерлерді құттықтап, кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейді!
- 27.10.2026
- 5


