• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мұханов М.С.
Мұханов М.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанай облысында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары талқыланды

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында су тасқыны кезеңіне дайындық, табиғи өрттердің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік және құтқару инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

  Кеңестің негізгі тақырыптарының бірі елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау болды. Жүргізілген инженерлік жұмыстар нәтижесінде 55 елді мекенді су басу қаупі жойылып, тағы 33 елді мекенде қауіп деңгейі төмендетілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар, оның ішінде қорғаныс құрылыстарын нығайту және алдағы маусымға дайындық жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар гидротехникалық нысандарды күтіп-ұстау және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

  Тоғыз ай ішінде облыстың өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 3 мыңнан астам жедел шақыртуға шығып, 134 адамды құтқарды. Биыл бөлімшелерге 19 бірлік техника берілді. Тобыл қаласында өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, Қарасу ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің ғимараты қайта жаңғыртылды, бірқатар бөлімшенің ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Свердлов, Клочково және Жамбыл ауылдарында жыл бойы жұмыс істейтін үш өрт сөндіру бекеті ашылды. Тағы 13 бекетті құру жұмыстары жалғасуда. Бұл шалғай елді мекендер тұрғындары үшін өртке қарсы қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Орман және дала өрттерінің алдын алу, оларды ерте анықтау, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі және жылыту маусымында иіс газынан улану жағдайларын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып, кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жабдықтардың техникалық жай-күйі және авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы қаралды. Қауіпті өндірістік объектілерге мемлекеттік қадағалау жүргізу және оларды техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

  Күн тәртібіне су айдындарындағы қауіпсіздік және балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырауының алдын алу мәселелері де енгізілді.

  Кеңес қорытындысы бойынша ТЖМ мен облыс әкімдігінің маусымдық төтенше жағдайларға дайындық, өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту және құтқару бөлімшелерін жарақтандыру бағытындағы бірлескен жұмысының негізгі басымдықтары айқындалды. Оқиғалардың алдын алу және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда қалады.

  • 30.10.2026
  • 3
Мұханов М.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Мұханов М.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика