• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаров: Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемін арттыруға бағытталуы керек

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, алға қойған мақсаттардың орындалуы жөнінде кеңес өткізді. Жиынға министрлікке қарасты ұйымдар мен қаржы институттарының басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Министр елімізде егін жинау науқанының негізгі бөлігі аяқталғанын айтты. Қазірдің өзінде 24,3 млн тонна астық бастырылды. Майлы дақылдардың 91 пайызы жиналып, қамбаға 5,1 млн тонна өнім құйылды. Мақта, жүгері және қант қызылшасын жинау жұмыстары да аяқталып келеді.

«Ендігі басты міндетіміз – жиналған өнімді жоғары деңгейде сақтай отырып, тиімді өткізу, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету және экспорт көлемін ұлғайту. Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың табысын арттыру міндетін қойып, инфляцияны ауыздықтауға айрықша мән берді. Сондықтан азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі жергілікті атқарушы органдардың басты назарында болуы керек», – деді министр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова азық-түлік нарығындағы ахуал мен отандық өндірістің даму қарқыны туралы баяндады. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында елімізде 3,2 трлн теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға артық.

Тамақ өнеркәсібінің негізгі бағыттарында тұрақты өсім бар. Мәселен, өсімдік майын өндіру 25,2 пайызға, ұн өндіру 13,9 пайызға, ірімшік пен сүзбе өндіру 9,3 пайызға артқан.

Азық-түлік өндірісін одан әрі ұлғайту үшін отандық өндірушілерге бірқатар қолдау шарасы қарастырылған. Олардың қатарында жеңілдетілген несие беру, субсидиялау және салықтық жеңілдіктер бар.

Дегенмен өндіріс көлемін арттырумен қатар, өнімді тұтынушыға уақтылы әрі қолжетімді бағамен жеткізу де маңызды. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен сауда желілері арасындағы тікелей байланысты нығайту, делдалдарды азайту, сауда орындарының желісін кеңейту және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін жиі өткізу тапсырылды.

Маусымдық кезеңде көкөніс бағасының шарықтап кетуіне жол бермеудің бір жолы – өнімді алдын ала келісімшарт арқылы сатып алу. Қазір өңірлер 101 мың тонна картоп, 26,8 мың тонна сәбіз, 24,9 мың тоннадан пияз бен қырыққабат сатып алған.

Астана мен Алматы қалаларының, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктеріне қысқа мерзімде келісімшартпен сатып алынған көкөніс көлемін халықтың үш айлық қажеттілігінің 30 пайызына дейін жеткізу міндеттелді.

Кеңесте мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру және ет кластерлерін қалыптастыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

Биыл асыл тұқымды мал сатып алуға 64,2 млрд теңге бөлінген. Осы қаржы есебінен 29,6 мың бас ірі қара және 15,2 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланып отыр. Қолданыстағы несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері белсенділік танытып келеді.

Сонымен бірге министр бірқатар өңірде жұмыстың баяу жүріп жатқанын сынға алды. Ол әрбір жобаның орындалуын өтінімді қабылдаудан бастап, малды шаруашылыққа жеткізуге дейінгі барлық кезеңде жіті бақылауды тапсырды.

«Мемлекет мал шаруашылығын өркендетуге қомақты қаржы бөліп отыр. Бұл қаражат нақты нәтиже беруі керек. Яғни мал басы көбейіп, мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артуға, малдың өнімділігі жоғарылап, саланың экспорттық мүмкіндігі кеңеюге тиіс. Кешенді жоспарда белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған өңірлер келесі жылы жаңа жобаларды қаржыландыруға үміт арта алмайды. Мемлекеттік қолдау бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, нақты нәтиже көрсеткен шаруашылықтар мен өңірлерге берілуі керек», – деді Айдарбек Сапаров.

Жиын соңында өңір әкімдіктеріне өндіріс көлемінің өсу көрсеткішін арттыру, кәсіпорындардың өндірістік қуатын толық пайдалану, жаңа нысандарды белгіленген мерзімде іске қосу және «Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламаларына бөлінген қаражатты толық әрі уақытылы игеру тапсырылды. Бұл мәселелер әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуы керек.

«Саланы одан әрі дамыту үшін өңірлер тапсырманы қағаз жүзінде орындаумен шектелмеуі керек. Ең бастысы – нақты нәтиже және басшылардың жеке жауапкершілігі. Мемлекеттік қолдауға бөлінген әрбір теңге өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жұмсалуы қажет», – деді министр.

  • 02.11.2026
  • 10
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика