- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Польшаның «Selena Group» холдингінің өкілдерімен кездесті.
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Польшаның «Selena Group» холдингінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт құрылысының барысын, жұмыс қарқынын және қажетті инженерлік желілерді тарту мәселелерін талқыланды. Кәсіпорын «Жұлдыз» индустриялық аймағында салынып жатыр. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 3 млрд теңгеден асады. Зауыт жылына 150 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы болады. Кәсіпорынды 2027 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 50-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылды. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жаңа зауыт Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және құрылыс материалдарының отандық өндірісін кеңейтуге үлес қосады. Сондай-ақ Шымкентте тұрмыстық техника өндіретін тағы бір жобаны жүзеге асыру перспективаларын талқыладық. Осы бастаманы пысықтау мақсатында «Selena Group» өкілдері польшалық компаниямен кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Кездесу қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың алдағы қадамдарын айқындады. Әсіресе инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне баса назар аударды. Құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталып, кәсіпорынның пайдалануға уақытылы дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
- 03.11.2026
- 7


