- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстанда University of Exeter қатысуымен тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамыту жоспарланып отыр
Лондонда Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоу аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Эксетер университеті (University of Exeter) проректоры (Pro-Vice-Chancellor), профессор Александра Джербасимен кездесті.
Alatau City – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жоба. University of Exeter өкілімен өткен кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым салаларындағы қазақ-британ ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі мен экономиканың басқа да басым салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлау перспективаларын талқылады.
- 03.11.2026
- 6


