• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСКЕ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТЕДІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров 2026–2028 жылдары Мемлекетаралық монополияға қарсы саясат жөніндегі кеңеске (ММҚСК) төрағалық етеді. Тиісті шешім 29 қазанда Әзербайжанның Ханкенді қаласында өткен Кеңестің 61-отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қолдауымен қабылданды.

Бұл шешім Қазақстанның Достастық мемлекеттерінің монополияға қарсы саясатын үйлестіру ісіне қатысуының жаңа кезеңін ашады. Төрағалық ету аясында бәсекелестікті қорғау, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану практикасы бойынша тәжірибе алмасу салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделеді.

Мемлекетаралық монополияға қарсы саясат жөніндегі кеңес 1993 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшылары қол қойған Монополияға қарсы келісілген саясатты жүргізу туралы шарт негізінде құрылған. Кеңес ұлттық монополияға қарсы органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы іс-қимылдардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі келісілген тәсілдерді әзірлеуге ықпал етеді.

ММҚСК қызметінің негізгі бағыттарының бірі – трансшекаралық маңызы бар нарықтарда бірлескен зерттеулер мен тергеп-тексерулерді үйлестіру. Осы мақсатта Кеңес жанынан Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша бірлескен тергеп-тексерулер штабы жұмыс істейді. Оның қызметі әуе тасымалы, телекоммуникация, мұнай өнімдері, фармацевтикалық өнімдер және бөлшек сауда нарықтарын қамтиды. Картельдік келісімдерге қарсы іс-қимылға да ерекше назар аударылады.

Қазіргі уақытта цифрлық экономиканың дамуы мен бизнесті жүргізудің жаңа модельдерін ескере отырып, ММҚСК-нің халықаралық күн тәртібі кеңейіп келеді. Өзекті мәселелердің қатарында жасанды интеллектінің бәсекелестікке ықпалы, цифрлық нарықтарды реттеу, дәрілік заттардың бағасын қалыптастыру, роуминг қызметтерінің құны және биржалық сауданы дамыту мәселелері бар.

Қазақстанның 2026–2028 жылдары ММҚСК-ке төрағалық етуі бәсекелестікті қорғау тәсілдерін жақындастыру, бірлескен тергеп-тексерулерді дамыту және ТМД мемлекеттерінің монополияға қарсы органдары арасында практикалық шешімдермен алмасу жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

  • 04.11.2026
  • 5
Омаров М.Т.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика