- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ҚазҰУ-ға ICESCO өкілдігі беріліп, әл-Фараби орталығы Қытайда ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумы аясында маңызды үш ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Алғашқы келісім негізінде философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасына Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) өкілдігінің мәртебесі берілді. Өкілдік жұмысы негізгі үш бағыт бойынша өрбиді. Ғылыми-зерттеу қызметі аясында дінтану, мәдениеттану саласындағы зерттеу жұмыстары тереңдетіліп, ислам әлемі мен Орталық Азияның ортақ тарихи-мәдени мұрасы зерделенеді.
🔗 gov.kz
- 06.11.2026
- 9


