- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
🔷 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтетін жылы Шымкент отандық спорт тарихындағы тағы бір айтулы жетістікті атап өтуде. «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында алғаш рет бір маусымда Қазақстан чемпионы атанумен қатар ел Кубогын жеңіп алды. Осылайша клуб тарихи «алтын дубль» жасады.
🔷 Астана алаңында мыңдаған жанкүйерді, қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген ауқымды мерекелік кеш өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, футболшыларды, жаттықтырушылар штабын және жанкүйерлерді тарихи жетістігімен құттықтады, командаға жаңа жеңістер мен халықаралық аренада табыс тіледі.
🔷 Кештің басты оқиғасы футболшылар мен жаттықтырушылар штабын марапаттау рәсімі болды. Командаға Қазақстан чемпионатының алтын медальдары табысталып, чемпиондық кубок салтанатты түрде тапсырылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасы одан әрі қыздыра түсті.
🔷 Биылғы маусым шымкенттік клубтың тарихындағы ең табысты кезеңдердің бірі болды. 25 қазанда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Чемпионат қорытындысы бойынша команда 68 ұпай жинап, 30 матчта 21 рет жеңіске жетті.
🔷 Бұл – клуб тарихындағы екінші чемпиондық атақ. Команда алғаш рет 2023 жылы ел чемпионы атанған болатын.
🔷 Тағы бір маңызды жетістік – Қазақстан Кубогының финалындағы жеңіс. 7 қарашада «Түркістан Арена» стадионында «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
🔷 Осылайша клуб ұлттық Кубокқа үшінші рер иеленіп отыр. Бұған дейін команда 2011 және 2022 жылдары Кубок иегері атанған. Ал чемпиондық атақ пен ел Кубогын бір маусымда қатар иелену клуб тарихында алғаш рет орын алып, тарихи «алтын дубль» тіркелді.
- 09.11.2026
- 21


