- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі қаланы аралау барысында Қонаев даңғылының жалғасын салу барысын (V кезең) тексерді.
Қала әкімі қаланы аралау барысында Қонаев даңғылының жалғасын салу барысын (V кезең) тексерді. Қазір учаскеде жер қазу жұмыстары жүргізіліп, тіреу қабырғалары тұрғызылуда. Сонымен қатар жол жиектері нығайтылып, асфальтбетон жабынын төсеуге арналған жол негізі дайындалуда. Бұдан бөлек А-2 автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарымен (V кезең) таныстым. Бұған дейін аталған учаскеде жолдың бір жағымен ғана көлік қозғалысы ашылған болатын. Жол учаскесінің ұзындығы – 6,2 шақырым. Бүгін жолдың екінші жағымен де көлік қозғалысын ашылды. Нәтижесінде алты жолақтың барлығында екі бағыт бойынша толыққанды қозғалыс қамтамасыз етіледі. Жоба аясында жолдың жүру бөлігі кеңейтіліп, инженерлік желілер көшірілді және жол төсемі төселді. Қазіргі таңда іргелес аумақты абаттандыру, тротуар салу, көгалдандыру және қосымша инфрақұрылым нысандарын аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйымға қалған жұмыстың барлығын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырылды.
- 09.11.2026
- 22


