- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Агенттік депутаттарға Капитал нарығын дамыту бағдарламасы мен жаңа Заңның негізгі ережелерін таныстырды
Агенттік Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында депутаттарға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп әзірлеген және бекіткен 2030 жылға дейінгі капитал нарығын дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ «Капитал нарығы туралы» заң жобасының негізгі ережелерін таныстырды.
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында жинақталған қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторына бағыттау міндеті қойылды. Экономиканың негізгі салаларын ұзақ мерзімді қаржыландырудың жаңа тетіктерін банктердің, даму институттарының және халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен іске қосу тапсырылды.
Сондай-ақ капитал нарығының мүмкіндіктерін едәуір кеңейту және жеке кәсіпорындарды биржалық құралдарды белсенді пайдалануға ынталандыру қажеттігі атап өтілді.
Банктік кредиттеумен қатар, акциялар нарығы да бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің бірі болып табылады. Соңғы бес жылда оның капиталдандыру көлемі екі еседен астам өсіп, 2021 жылғы 19,1 трлн теңгеден 2025 жылы 41,8 трлн теңгеге жетті.
Толығырақ: Агенттік басшысы депутаттарға Капитал нарығын дамыту бағдарламасын және жаңа Заңның ережелерін таныстырды
- 09.11.2026
- 22


