• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мұханов М.С.
Мұханов М.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан облысында сел мен көшкіннің алдын алуға арналған жаңа пункт ашылды

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Қазселденқорғау» мекемесінің жаңа диспетчерлік пунктін ашты. Мұнда табиғи қауіп-қатерлерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Ауданда сел, көшкін және қар көшкіні қаупі бар 34 аймақ анықталған. Бұл аумақтарда 426 нысан орналасқан, 1,5 мыңнан астам адам тұрады.

  Қазығұрт ауданы аумағында 19 сел қаупі бар, 14 көшкін қаупі бар және бір қар көшкіні қаупі бар аймақ тіркелген. «Қазселденқорғау» мамандары Жігергенсай және Өгем өзендеріндегі гидрологиялық жағдайды бақылауда ұстайды. Бұл өзендерде екі тұрақты бақылау бекеті жұмыс істейді. Мәліметтер тәулігіне үш рет, ал жағдай күрделенген кезде әр екі сағат сайын беріледі. Жиналған деректер қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, халықты қорғау шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

  Мамандар үшін жалпы ауданы шамамен 34 шаршы метр болатын бір қабатты модульдік ғимарат салынды. Оның ішінде диспетчерлік бөлме, әкімшілік кабинеттер, ас үй және санитарлық торап қарастырылған. Мұнда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілік атқаруына және күнделікті жұмысына қажетті жағдай жасалған. Іргелес аумақта инженерлік жұмыстар жүргізіліп, қоршау орнатылды. Құрылыс жұмыстары үш аптаға жетпейтін уақытта аяқталды. Жоба Қазақстан құтқарушылар қорының бюджеттен тыс қаражаты есебінен қаржыландырылды.

  Жаңа пункт Қазығұрт ауданындағы қауіпті табиғи процестерді тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Қазақстан ТЖМ сел, көшкін және басқа да табиғи қауіптердің алдын алу, тәуекелдерді уақтылы анықтау, халықты ескерту және төтенше жағдайлардың ықтимал салдарын болдырмау мақсатында «Қазселденқорғау» мекемесінің бақылау және диспетчерлік нысандар желісін дамытуды жалғастыруда.

  • 13.11.2026
  • 63
Мұханов М.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Мұханов М.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика