• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мұханов М.С.
Мұханов М.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Арыста 83 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру бөлімі жаңартылды

  Түркістан облысының Арыс қаласында жаңартылған №7 өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Бөлімше алты ауылдық округке қарасты 27 елді мекендегі 83 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Ауқымды жаңғырту жұмыстары 1971 жылдан бері ескі ғимаратта орналасқан өрт сөндіру бөлімін толық өзгертті. Құтқарушылар үшін заманауи екі қабатты корпус пен өрт сөндіру автокөліктеріне арналған жеке гараж салынды. Жаңа кешенде Арыс қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бөлмелері де қарастырылған. Мұнда диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлмелері, инспекторлар мен анықтаушылардың кабинеттері, жатын бөлмелер, душ кабиналары, киім ауыстыратын орындар және тамақтану бөлмесі жабдықталған.

  Іргелес аумақ та жаңартылды. Құтқарушылардың жаттығуы мен дене дайындығына арналған футбол алаңы мен воркаут аймағы салынып, субұрқағы бар демалыс орны абаттандырылды. Бөлімде 49 қызметкер қызмет атқарады, оның 11-і күн сайын жауынгерлік кезекшілікке түседі. Бөлімшенің қарамағында өрт сөндіру және қосалқы техниканың 6 бірлігі бар.

  Жаңартылған кешенде өрт сөндірушілер мен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бір жерде қызмет атқарады. Енді жеке құрамның тәулік бойы кезекшілік атқаруына, кәсіби даярлығына және демалуына қажетті жабдықталған бөлмелер бар. Өрт сөндіру бөлімін жаңғырту Түркістан облысындағы ТЖМ өртке қарсы инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының кезекті кезеңі болды.

 

  • 13.11.2026
  • 63
Мұханов М.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Мұханов М.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика