- Блогтар
- Мұханов М.С.
Мұханов М.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Шымкентте ТМД елдерінің құтқару ведомстволары басшыларының халықаралық отырысы өтуде
Бүгін, 13 қарашада, Шымкент қаласында Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің XXXVIII отырысы өтуде. Қазақстан халықаралық кездесуді 11 жылдан кейін алғаш рет қабылдап отыр. Іс-шараға ТМД мемлекеттерінің құтқару ведомстволарының басшылары мен Достастықтың Атқарушы комитетінің өкілдері қатысуда. Отырыс Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановтың төрағалығымен өтуде.
Кеңес жұмысына Ресей ТЖМ министрі Александр Куренков, Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский, Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Азизбек Икрамов, Әзербайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Рафаил Мирзоев, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Искендер Сулайманов, Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Раджабали Рахмонали, Армения Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, Құтқару қызметінің директоры Арам Казарян қатысуда. ТМД Атқарушы комитетінің атынан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық департаментінің директоры Евгений Клемезь қатысуда.
Қатысушылар ауқымды төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою, өзара хабарлау жүйесін жетілдіру, құтқарушыларды даярлау және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылауда. Қазақстанның бастамасымен төтенше климаттық және техногендік жағдайларды болжау жөніндегі Өңірлік орталық құру мәселесі қарауға ұсынылды. Күн тәртібіне ғылыми ынтымақтастықты дамыту, кадрлар даярлау және өрт-құтқару спорты бойынша халықаралық жарыстар өткізу мәселелері де енгізілген.
Отырыс басталар алдында шетелдік делегациялар Қазақстан ТЖМ өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесімен танысты. Қонақтарға қазақстандық құтқарушылар өрт сөндіру және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде пайдаланатын автокөліктер мен жабдықтар таныстырылды. Көрменің жеке бөлімі құтқару бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін отандық өндірушілерге арналды.
- 13.11.2026
- 16


