- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Франция Елшілігі мен Шымкент қаласы әкімдігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында Францияның Қазақстандағы Елшілігі VFS Global визалық операторының мобильді биометриялық қызметінің көмегімен Шымкент қаласында Шенген визасына өтініштерді қабылдауға арналған уақытша қабылдау орнының ашылатынын қуана хабарлайды. Шымкент қаласы мен оған жақын елді мекендердің тұрғындары Франция визасына құжат тапсыру үшін VFS Global сайты арқылы қазірден бастап Шымкент қаласындағы уақытша қабылдау орнынына сессиялар кестесіне сәйкес қабылдауға жазыла алады. Алғашқы қабылдау сессиясы 2026 жылғы 23 қарашаға жоспарланған. 🔹 Шымкент қаласы мен оған жақын елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы мүмкіндік: енді құжат тапсыру үшін Алматыға барудың қажеті жоқ! 🔹 Онлайн жазылу: қабылдау күні мен уақытын VFS Global сайты арқылы брондап, құжат тапсыру орны ретінде Шымкент қаласын таңдаңыз. 🔹 Қабылдау жиілігі: өтініштер саны төмен кезеңде айына 1 рет, өтініштер саны жоғары кезеңде (наурыздан шілдеге дейін) айына 2 рет. *Стандартты визалық және сервистік алымдардан бөлек, мобильді биометриялық қызмет үшін 100 еуро көлемінде қосымша төлем алынады. Бұл сома паспортты курьерлік қызмет арқылы қауіпсіз түрде кері жеткізу ақысын да қамтиды.
- 17.11.2026
- 2


