- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте сыртқы байланыстар мен креативті индустрияны дамыту, қаладағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды. 🔷 Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділхановтың мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентке 14 мемлекеттің елшілері мен бас консулдары жұмыс сапарымен келген. Сондай-ақ, шетелдің төрт қаласымен бауырластық қарым-қатынас орнату жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Олар: Фейсалабад (Пәкістан), Кутаиси (Грузия), Дебрецен (Венгрия) және Пермь (Ресей) қалалары. 🔷 Мегаполисте Қырғызстан, Франция және Бельгияның құрметті консулдықтары ашылды. Алдағы уақытта Италия мен Латвия консулдықтарын ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Францияның Қазақстандағы Елшілігімен қол қойылған Жол картасына сәйкес, Шенген визасын алу үшін құжаттарды қабылдайтын толыққанды визалық қызметті іске қосу көзделген. 🔷 Шымкенттің туристік әлеуетін дамыту мақсатында қалаға 11 елден туризм саласының өкілдері мен блогерлер келді. Кездесулер қорытындысы бойынша жергілікті туристік компаниялармен 17 келісімге қол қойылды. Қараша айында 7 елдің шетелдік туроператорлары мен тревел-блогерлеріне арналған ақпараттық тур ұйымдастыру жоспарланған.
- 17.11.2026
- 15


