- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Қазақстан Қаржыгерлерінің конгресі туралы
Алматыда «Қазақстанның қаржы нарығы: жаңа экономикаға арналған жаңа архитектура» ортақ тақырыбымен Қазақстан қаржыгерлерінің дәстүрлі XIV конгресі өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылары, қаржы нарығына қатысушылар қатысты.
Конгреске айрықша мән беретін маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы. Үш жарым онжылдық ішінде Қазақстанның қаржы секторы елеулі сынақтардан өтіп, ауқымды өзгерістерді бастан өткерді және ұлттық экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Ол азаматтардың жинақ ақшасының сақталуын қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің дамуына және инвестициялар тартуға елеулі үлес қосып келеді.
Осы жаңа кезеңнің негізгі факторларының бірі – әлемдік қаржы жүйесінің болашағын айқындайтын терең технологиялық өзгерістер. Жасанды интеллект клиенттерге қызмет көрсету, тәуекелдерді бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау тәсілдерін түбегейлі өзгертуде.Токендеу қаржы құралдарын шығару және айналысқа жіберу, капитал тарту және қаржы операцияларының тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл процестер Қазақстанның қаржы нарығын дамыту үшін де жаңа перспективалар ашады.
Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы еліміздің технологиялық дамуына қосымша серпін берді. Қазақстан қаржы секторының айтарлықтай цифрландыру тәжірибесі бар, ол нарықтың барлық сегменттерінде озық технологияларды кеңінен енгізу үшін негіз жасайды.
Біздің стратегиялық міндетіміз – ұлттық қаржы нарығын сапалы өзгертуді қамтамасыз ету, оның инвестициялар тартудағы, технологиялық жаңғыртудағы және Қазақстанның орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру.
Қаржы секторының орнықтылығы оның дамуының шешуші шарты болады. ХВҚ болжамы бойынша әлемдік экономика 2026 жылы 3,1%-ға және 2027 жылы 3,4%-ға өседі. Бұл ретте ЖИ-мен байланысты активтердің құнын түзету, мемлекеттік облигациялар кірістілігінің және жүйелік киберқауіптердің өсу тәуекелдері күшейтіледі. Бұл тәуекелдер қаржыландыру құнын арттыруы, инвестициялық ағындарға әсер етуі және қаржылық сервистердің жұмысын бұзуы мүмкін. Сондықтан біздің басымдықтарымыз – капитал қоры мен өтімділікті сақтау, тәуекелдерді ерте анықтау, киберорнықтылықты нығайту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
«Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету – қаржылық реттеушінің негізгі міндеті. Қазақстанның банк секторы жинақтардың сенімділігін және экономиканы қаржыландыруды кеңейтуді қамтамасыз ете отырып, капитал мен өтімділіктің айтарлықтай қорын сақтайды.
2026 жылғы тоғыз айда банктердің активтері 8,6%-ға 76,8 трлн теңгеге дейін, экономикаға берілген кредиттер 7,2%-ға 43,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі 20,3%-ды, мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 3,9%-ды құрайды.
Орнықтылықты сақтау банктік бизнес өскен сайын жиналуы мүмкін тәуекелдерді уақтылы анықтауды талап етеді. Ол үшін Қазақстанда озық халықаралық тәсілдер мен цифрлық технологияларды біріктіретін тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі құрылған.
Толығырақ – Агенттіктің сайтында.
- 19.11.2026
- 24


