- Блогтар
- Сапаров А.C.
Сапаров А.C.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
Айдарбек Сапаров Ресейдің Орынбор облысының губернаторымен кездесті
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыру, өндірістік кооперацияны дамыту, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу саласына инвестиция тарту, сондай-ақ отандық өнімдердің Ресей нарығына шығуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою мәселелеріне назар аударылды.
Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің стратегиялық маңызына тоқталып, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.
«Қазақстан Ресей өңірлерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтуге мүдделі. Өзара тауар жеткізілімін ұлғайтуға, бірлескен өндіріс орындарын ашуға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, әсіресе ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу саласында, барлық жағдай бар. Біздің ортақ міндетіміз – тауар айналымын арттырумен ғана шектелмей, тұрақты өндірістік байланыстар орнату, жаңа өндіріс орындарын ашу және бизнеске жаңа мүмкіндіктер жасау», – деді министр.
Өз кезегінде Евгений Солнцев өңірдің шекара маңы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Сондай-ақ өзара сауданы дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Тараптар қолданыстағы сауда және әкімшілік кедергілерді жою, ауыл шаруашылығы өнімдерінің кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз ету және өзара жеткізілетін өнім түрлерін көбейту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім өңдеуші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланысты нығайту маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.
Кездесу соңында тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және екіжақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
- 24.11.2026
- 23


