- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қаланың 2026 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ, Шымкент қаласының жаңа жылдық және қысқы мерекелерге дайындығы талқыланды.
🔷 «СК-Фармация» ЖШС Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Ұлжан Нұғманова 2026 жылдың 10 айындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу жұмысының қорытындысы және алдағы жылы медициналық ұйымдарды тиісті препараттармен қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады.
🔷 Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» арқылы қаладағы 92 медициналық ұйым дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Дәрілік заттарды үздіксіз жеткізу мақсатында логистикалық хабтар мен қоймаларда екі айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптастырылған.
🔷 Тұрғындарға қолайлы болуы үшін Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде «СК-Фармацияның» чат-боттары жұмыс істейді. Олардың көмегімен ЖСН немесе рецепт нөмірі арқылы тағайындалған дәрілік препараттардың бар-жоғын тексеруге болады. Іске қосылған сәттен бастап бұл сервистерді 4,5 мыңнан астам адам пайдаланған. Оның ішінде 300-ден астамы – Шымкент қаласының тұрғындары.
🔷 2027 жылға арналған сатып алу науқаны аясында дәрілік препараттарға деген жалпы қажеттіліктің 84 пайызы сатып алынған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «СК-Фармация» ЖШС-нің Шымкент қаласында жеке логистикалық кешенін салу үшін жер учаскесі бөлінген.
- 25.11.2026
- 16


