- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Қазиев пен Шұбаркөл көшелерінің қиылысындағы айналма жолға субұрқақ орнату жобасының эскизімен танысты.
Жоба аясында аумақты көгалдандыру, көшені жарықтандыру, орындықтар орнату және сәндік элементтері бар субұрқақ салу көзделген. Аудан әкімдігіне тұрғындардың қажеттіліктерін ескеріп, жайлы демалыс үшін барлық жағдайды жасауды тапсырылды. Сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының алғашқы бөлімшесіне барды. Мұнда дене белсенділігін арттыруға, денсаулықты нығайтуға және бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Орталық екі ауысыммен жұмыс істейді. Келушілер емдік дене шынықтыру, йога, хореография сабақтарына қатысып, жаттығу залында шұғылдана алады. Сондай-ақ физиотерапия қабылдап, мамандардың кеңесін алу мүмкіндігі қарастырылған.
- 25.11.2026
- 18


