• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade Қостанай облысы өңірлік экспорттық кеңесінің отырысын өткізді

Қостанай қаласында 50-ден астам экспортқа бағдарланған компаниялардың, облыс әкімінің орынбасары Қойшыбаев Ерлан, «QazTrade» АҚ жобаларды дамыту департаментінің директоры Сағынаев Айбек және KazakhExport компаниясының өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті.

Қостанай облысының экспорт көлемі 2020 жылы 1,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлар мен қызметтер әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Экспорттың негізгі көлемі Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан сияқты елдерге тиесілі.

Өңірдің екі компаниясы («Промбаза 7» ЖШС және «Баян Сұлу» АҚ) Alibaba платформасында ұсынылған: олар халықаралық маркетплейстер арқылы қазақстандық экспортты ілгерілету бағдарламасы аясында «Алтын аккаунт» алды. Өткен жылы Қостанай облысынан экспорттық акселерация бағдарламасына 8 кәсіпорын («Баян Сұлу» АҚ, «ДЕП» ЖШС, «Лидер 2010» ЖШС, «Бест Қостанай» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «ТД Аманат» ЖШС, «Молпродукт» ЖШС,  «Компания Саламат» ЖШС) қатысты.

Сондай-ақ, өткен жылы өңірдің 24 экспорттаушы компаниясы экспорттық шығындардың бір бөлігін 909 млн теңгеге өтеу түрінде мемлекеттік қолдау алды.

QazTrade қызметкерлері экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуді алу мүмкіндіктерімен қатар отандық өнімді өндірушілерді қолдаудың қаржылық емес шаралары туралы да  хабарлады: компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап сапалы талдау мен консалтингтік қызметтерді ұсынуға дейін. Мысалы, «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында Азық-түлік өнеркәсібінің 35 компаниясы Қытай нарығына шығуға дайын болды. QazTrade қызметкерлері халықаралық сарапшылармен бірге бизнес өкілдерін Қытай нарығымен жұмыс істеудің «қыр-сырына» үйретіп қана қоймай, ҚХР-да қазақстандық өнімді сатып алушыларды табуға көмектесті.

Осы жылы Qaztrade сондай-ақ «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС және «Қазақинвест»АҚ сияқты ұлттық компаниялармен бірлесіп экспортқа бағдарланған жобаларға инвестициялар тартуға жәрдем көрсетуге дайын.

Барлық бизнес-процестерді цифрландыру шеңберінде экспорттаушыларды қолдаудың барлық қызметтері биылғы жылдан бастап онлайн режимге көшірілді.

«Енді кәсіпкерлерге мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ, тек бірыңғай export.gov.kz портал-терезені пайдалану жеткілікті. Егер сізде жедел сұрақтар туындаса-@exportgov телеграм-арнасы және @qaztradebot телеграм-бот сізге қызмет көрсетеді. Бот сізге мынадай тақырыптар бойынша ақпаратты тез табады: «Экспорттық акселерация» бағдарламасына қалай кіруге болады, шығындардың өтемін немесе басқа да қаржы қолдау шараларын алу туралы, басқа елдердің маркетплейстеріне немесе мемлекеттік сатып алуларына қалай шығуға болады. Осы жерде сіз өтінішіңізді қалдыра аласыз немесе сұрақ қоя аласыз», - деді Сағынаев.

Кездесу аясында облыс кәсіпкерлері көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, шығындардың бір бөлігін өтеу рәсімдерін жетілдіру бойынша белсенді талқылау жүргізілді. Сондай-ақ, оларды Сауда және интеграция министрлігінің ЕАЭО елдерінің нарықтарындағы біздің тауарларымызға кедергілерді жою жөніндегі жұмысы, Еуразиялық одақ пен Қазақстанның техникалық регламенттерін жаңарту да қызықтырды.

  • 14.04.2021
  • 187
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика