• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еліміздің екі өңірінің су тасқыны қауіпті учаскелеріне әуеден бақылау жүргіздім

2021 жылғы 21-22 сәуірде мен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар учаскелері мен елді мекендеріне аэровизуалды бақылау жүргіздім.

Қауіпті аймақтарды әуеден бақылау жұмыстарына ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің басшылары, әкімдерінің орынбасарлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ұшу барысында Ақмола облысының Целиноград, Астрахан, Атбасар, Сандықтау, Зеренді аудандарының және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл, Аққайың, Тайынша, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандарының су тасқыны қауіпті учаскелері мен елді мекендері тексерілді. Есіл және Жабай өзендерінің арнасын бойлай ұшқан арнайы топ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны қаупі едәуір сейілгенін аңғарды.

Ақмола облысының аумағында жоспарлы ұшу су тасқыны жағдайы қалыпты екенін көрсетті. Жалғыз қауіп Колутон өзенінің кей бөліктерінде байқалады. Бір апта бойы су деңгейінің көтерілуі байқалған. Қазір ол төмендеуде. Шамамен 10-14 күннен кейін жағдай қалпына келуі тиіс.

Әуеден бақылау барысында орман пайдаланушылары мен шаруа қожалықтары  Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында орман алқабы маңындағы құрғақ шөпті жоспарлы өртеу жұмыстарына  кіріскені байқалады. 

Көктемде бұл жұмыстар көбінесе бақылаусыз жүргізіледі және ірі өрттердің туындауына себеп болады. Олар бұл жұмыстарды қар ери салысымен бастап кетеді. Алайда құрғақ шөпті жағу жұмыстары жүргізілген жағдайда, шаруалар ТЖ департаменттеріне хабарласуытиіс. Бұл факт теріс салдарға әкеп соқтырмас үшін алдын ала ескерту қажет.

Келесі бағыт Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өтті. Ұшу барысында Есіл өзені арнасының төменгі жағында су деңгейі көтеріліп, су өзен бойын толтыратыны анықталды. Қазіргі уақытта су тасқыны Есіл ауданының Покровка ауылының маңында өтуде. Су деңгейінің көтерілуі шекті белгілерге жеткен жоқ. Өзен арнасы таза, мұз құбылыстары байқалмайды.

Іс-шара соңында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы  су тасқыны жағдайын бақылау бойынша бірқатар тапсырма бердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • 22.04.2021
  • 251
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика