• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандық өңделген тауарларды экспорттаушыларға 2021 жылы 574 млн теңгеден астам қаражат өтелді

Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) төрт отырысының қорытындысы бойынша 17 субъектіден жалпы сомасы 574 391 210,76 теңгеге 27 өтінім мақұлданды, оның ішінде:

1) отандық өңделген тауарларды жылжытуға (жарнамалауға) субъектіден жалпы сомасы 428 571 теңгеге өтінім.

2) отандық өңделген тауарларды жеткізуге 16 субъектіден жалпы сомасы 573 962 639,76 теңгеге 26 өтінім, атап айтқанда:

- теміржолмен  жеткізу 480 943 491,52 тг;

- автомобильмен жеткізу 62 758 487 тг;

- авиа-жеткізу 30 260 660,84 тг.

Мақұлданған өтінімдердің 17-сі шағын бизнестен, 4-і орта және 6-ы ірі бизнес өкілдерінен келіп түсті.

Жақын арадағы Ведомствоаралық комиссияға жалпы сомасы 853,6 млн.теңгеге 51 өтінім шығару жоспарлануда: 31 өтінім шағын бизнестен, 13-орта және 7-ірі бизнестен (11-жоғарғы бөленістер, 31-орта және 9-төменгі бөліністер) келіп түсті.

Қазіргі уақытта экспорттаушы кәсіпорындардан тағы 262 өтінім қарастырылуда.

Қабылдау басталғаннан бері экспорттаушы кәсіпорындардан барлығы 474 өтінім келіп түсті.

Осы жылы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді қабылдауды 2021 жылғы 26 қаңтарда бастады, ал өткен жылы қабылдау тек 12 наурызда басталған болатын. Биыл,ы жылдың бірінші тоқсанында Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) төрт отырысы өткізілді, ал 2020 жылы бірінші тоқсанда тек 41 өтінім түстіп, бірде-бір ВАК өткізілмеді.

Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша кәсіпкерлердің шығындарын өтеуге өтінімдерді сапалы беруді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сыртқы нарықтарға отандық өңделген тауарларды жылжыту жөніндегі операторы "QazTrade" АҚ - ы түсіндіру жұмысын жүргізеді.

15-21 сәуір аралығында Қостанай, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының экспорттаушылары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары күн сайын сағат 15.00-де ZOOM форматында жүргізіледі.

Алматы қаласы – 2021 жылғы 22 сәуір;

Нұр-Сұлтан қаласы – 2021 жылғы 23 сәуір;

Шымкент қаласы – 2021 жылғы 26 сәуір;

Жамбыл облысы – 2021 жылғы 27 сәуір;

Қызылорда облысы – 2021 жылғы 27 сәуір;

Батыс Қазақстан облысы – 2021 жылғы 28 сәуір;

Қарағанды облысы – 2021 жылғы 29 сәуір;

Солтүстік Қазақстан облысы – 2021 жылғы 30 сәуір;

Павлодар облысы – 2021 жылғы 30 сәуір.

Мамыр айында салалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«QazTrade» АҚ өңірлік экспорттық кеңестердің 7 отырысына қатысты, солардың барысында шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша консультациялар да өткізіледі. Жақын арада «QazTrade» АҚ өкілдерін жіберу жоспарлануда, олар өңірлерде болады және жергілікті жерлерде кеңес береді.

 

Анықтама:

Шығындардың бір бөлігін өтеуге мынадай түрлері жатады:

1) шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;

2) шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға, конгрестерге тікелей қатысуға арналған шығындар;

3) шетелде тарату үшін мамандандырылған каталогты әзірлеуге, шет тілдеріне аударуға және басып шығаруға байланысты шығындар;

4) шетелде филиалдарды, өкілдіктерді, сауда алаңдарын, қойма және сауда сөрелерін ұстауға арналған шығындар;

5) электрондық сауда алаңдарында шетелде тауар белгілерін тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге арналған шығындар;

6) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар), сондай-ақ сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін сынау пунктіне дейін және кері қарай жеткізу кезінде келтірілген шығындар (сертификат немесе басқа да);

7) шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;

8) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өткен және сертификат не өзге де растайтын құжат болған жағдайда);

9) автомобиль, теміржол, әуе, теңіз көлігімен тасымалдау бойынша және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және тауарларды жеткізуге байланысты шығындар.

  • 23.04.2021
  • 222
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика