- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
220 кВ "Бозарық" қосалқы станциясы мен қуаты 110 кВ "Ақжар" және "1-М-1" станциялары пайдалануға беріледі.
Қала сыртындағы аумақтардың дамуы үшін онда өмiр сүруге қолайлы жағдай жасауымыз керек. Биыл осы бағытта Шымкенттің шетiнде орналасқан 10 тұрғын алапқа жаңа электр желісі тартылып, 21 мыңнан астам адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Нәтижесiнде сапалы электр қуатымен қамту көрсеткiшiн 97%-ға дейін жеткізу жоспарда бар.
2021 жылы жаңа электр желілері Ақжар, Жалын, Достық, Жаңаталап, Қайнар бұлақ, Солтүстiк саяжай, Ынтымақ, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарына тартылады.
Сондай-ақ, қуаты 220 кВ "Бозарық" қосалқы станциясы мен қуаты 110 кВ "Ақжар" және "1-М-1" станциялары пайдалануға беріледі.
2022-2025 жылдар аралығында Шымкентте тағы 4 қосалқы станция салу жоспарда бар. Осы арқылы қалаға электр энергиясын үздіксіз беру мәселесін түбегейлі шешу көзделуде.
- 26.04.2021
- 199