- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Биыл 26 мыңға жуық тұрғын сапалы aуыз суға қол жеткiзедi
Жеке қабылдаулар кезiнде және әлеуметтік желiде ауыз сумен қамтуға байланысты көптеген мәселелер айтылады. Бүгiнде бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қаласының елді мекендері мен шағынаудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатыр.
Биыл 26 мыңға жуық тұрғын сапалы aуыз суға қол жеткiзедi. Бұл мақсатта қаланың 9 тұрғын алабында үш магистралды су құбырының құрылысы жүруде.
Сондай-ақ, жыл басынан бері Тұран, Асар-2, Солтүстик саяжай, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Батыс және Жаңаталап шағынаудандарына ішкі ауыз жүйелерiн тарту жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек ұзындығы 4,48 шқ., 9,37 шқ. және 10,61 шқ. болатын үш магистральдық суқұбыры тартылуда.
- 26.04.2021
- 223