- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Тұрғындарды жұмыспен қамту-басты меже
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының үш айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдадым.
Тұрғындарды жұмыспен қамту-басты меже.
Инвесторларға білікті және сауатты маман қажет болса, жұмыссыздарға жақсы мамандық, жақсы жалақы керек. Осы екеуін үйлестіру әкім ретінде менің міндетім.
Кәсіпкерлік, білім, ауылшаруашылығы және жұмыспен қамту салалары бойынша әр айда осы бойынша есеп беретін комиссия құруды өзімнің орынбасарым Ерғали Білісбековке тапсырдым.
Тұрғындар мемлекеттен жыл сайын жәрдем болмайтынын ұғынатын кез келді. Атаулы әлеуметтік көмектің мерзімі – бір жыл. Осы мерзім аралығында азаматтар жұмыс тауып, жағдайын түзетуі керек. Айқайдың арты масылдыққа үйренген тәсілге айналмауы керек...
Сондай-ақ «Бастау бизнес» жобасы жүз пайыз ашық, әділ, қолжетімді болуы тиіс. Мемлекеттен қолдау алған есебін де берсін. Грант алуға әр жылы таныс адамдар қайта айналып келмесін. Оған жол берілмейді.
- 26.04.2021
- 185