- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Балаларымыз мектепке алаңсыз баратын болды
"Nur Otan" - нақты істер партиясы екенін Шымкенттегі "Таскен" шағынауданының тұрғындары айтады. Партияның қабылдауына келген халық нұротандықтардан бірнеше мәселелердің, атап айтқанда: жол салудан бастап инженерлік инфрақұрылымды коммуналдық меншікке ауыстыруға дейінгі түйткілдердің оң шешілуіне ықпал етулерін сұраған болатын. Бір ғана жылдың ішінде шағынауданда 5 көше асфальттальды. Тағы бесеуіне шағал тас төселді. Тұрғындар "енді балаларымыз мектепке алаңсыз баратын болды" деп алғыстарын білдірді.
Тағы бір жағымды жаңалық - инженерлік желілерді жеке меншіктен коммуналды меншікке ауыстыру нәтижесінде қызмет көрсету сапасы артты. Бастысы: электр энергиясы, көгілдір отын мен су тарифі төмендеді.
- 26.04.2021
- 161