- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Өртке оранған пәтерден бала құтқарған жігітті марапаттадым
2021 жылғы 24 сәуірде Ақылбек Қыпшақбаевқа «Өрттегі ерлігі үшін» төсбелгісін табыс етіп, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айттым.
Өрт 23 сәуірде күндіз сағат екілердің шамасында Петров көшесі, 5-үйде тіркелген. Бала үйде жалғыз болған.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек баланы құтқаруға кіріскен.
Үйдің 5 қабатына жылдам көтеріліп, ашуға мүмкін болмаған темір есіктің әр жағында баланың жылап жатқанын естиді. Ақылбек ойланбастан 4-ші қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өрт сөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол күте алмайтынын және түтіннен тұншыға бастағандығын айтқан. Сонымен, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді. Бала қорқынышпен терезеден секіруге бел буады, Ақылбек оны бірден ұстап алды.
- 27.04.2021
- 188