- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Қалада республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы жүріп жатыр.
Қалада республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метрді құрайды, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы - 30 мың адам.
Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде.
Осы мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Ол Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ аумақты абаттандырып, ағаш отырғызамыз.
Бұл мешіт еліміздің тұрғындары үшін ғана емес, туристер үшін де тартымды нүктеге айналады.
- 27.04.2021
- 231