• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда өмірді сақтандыру ұтымды ма?

2020 жылы қазақстандықтар өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялармен 1,8 миллион шарт жасасыпты. Бүгінгі күні өмірді сақтандыру айтарлықтай танымал болуда, себебі ол мүліктік мүддені қорғап қана қоймай, сонымен бірге жинақтау құралы болып табылады. COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемде өмірді сақтандыру қызметіне сұранысты арттырды, біздің еліміз де бұл қызметтен сырт қалмады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 2020 жылы қазақстандықтар өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялармен 1,8 миллион, жылдың басынан бері – 341 мың шарт жасасыпты. Өмірді сақтандыру нарығы бойынша ақша айналымы 2020 жылы 197,9 миллиард теңге, 2021 жылғы екі айда — шарттарды бұзу шығыстарын есептегенде 46 миллиард теңгеден аса болды.

Өмірді не үшін сақтандырады және өмірді сақтандырудан қандай пайда бар?

Өмірді сақтандыру өзімізді және жақындарымызды алдын ала болжап білмейтін не бақылай алмайтын, мысалы, ауру немесе жазатайым оқиға сияқты жағдайлардың салдарынан қорғауға мүмкіндік береді. Орын алған оқиғалар отбасы бюджетіне әсер етуі және бізді ауыр өмірлік жағдайға тап келтіруі мүмкін. Өмірді сақтандыру осындай ауыр тәуекелдерден болатын салдарды әлсіретіп, өзіңіз немесе жақындарыңыз үшін қауіпсіздік жастықшасын жасауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа өмірді сақтандырудың жекелеген өнімдері банк депозиттері сияқты ақшаны жинақтауға және көбейтуге мүмкіндік жасайды. Сақтандыру нарығы ұсынып отырған өмірді жинақтау арқылы сақтандыру қаражатты ұзақ мерзімді мақсатқа, мысалы, балалардың оқуына жинақтауға мүмкіндік береді.

Осы жылдың басынан бастап жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын, жеке тұлға сақтандыру төлемдерін төлеген сақтандыру төлемдері және үш және одан да көп жылғы мерзімге жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары алып тасталады. Бұл сақтандырудың осы түрін инвестициялау үшін танымал құралға айналдырады.

Өмірді сақтандырудың ең танымал бағыттарын қарастырайық.

Өмірді классикалық сақтандыру

Сақтандырылушы қайтыс болған және (немесе) ол еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда, өмірді сақтандыру өнімі бойынша шарттың талаптарына байланысты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды білдіреді. Бұл ретте сақтандыру өтемі ақшалай төлем түрінде де, тегін медициналық көмекті ұйымдастыру түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Сақтанушы келісілген мерзім ішінде бір жарна төлеуге немесе оны тұрақты төлеуге міндетті болады.

Сақтандырудың осы түрінің тағы бір кең тараған өнімі қарыз алушының өмірін сақтандыру болып табылады, мұнда қарыз алушы көзделмеген жағдайға тап болған кезде кредит бойынша негізгі борыш сомасы сақтандыру шарты бойынша төлемдердің есебінен өтеледі және оның жақын туыстарына ауыртпалық салмайды.

Өмірді жинақтау арқылы сақтандыру

Шетелде жинақтау арқылы сақтандыру – бұл өмірдегі норма, адамдардың өмірін және денсаулығын қорғаудың маңызды құралы, ол инвестицияларға арналған құрал ретінде сәтті пайдаланылады.

Сақтандыру шартының қолданыс мерзімі ішінде клиент өзін барлық ықтимал тәуекелдерден сақтандырады және сонымен қатар қаражатты инвестициялау мүмкіндігіне ие болады. Сақтандыру компаниясы өзінің клиенттерінің жарналарын және өзінің қаражатын түрлі қаржы құралдарына салады, осыған байланысты клиенттердің сақтандыру компаниясының пайдасына қатысу немесе инвестициялық кіріс алу мүмкіндігі бар.

Unit linked сақтандыру өнімі жинақтау арқылы сақтандырудың үлгісі бола алады. Бұл екі қызметтің түрі – инвестициялардан және өмірді сақтандырудан тұратын инвестициялық өнім.

 

  • 27.04.2021
  • 386
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика