• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда 4%-ға өсіп, 15,4 млрд.$ құрады

2021 жылғы 27 сәуірде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтаомен екі ел арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша онлайн-келіссөздер өткізді.

Келіссөздердің күн тәртібі әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді қамтыды, оларды пысықтау сайып келгенде елдер мен шекара маңындағы өңірлер арасындағы өзара сауда көлемдеріне оң әсер етуі тиіс.

Мәселен, Қытай Қазақстан үшін дәстүрлі түрде негізгі сыртқы сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылы Қытаймен сауда айналымының үлесі Қазақстанның жалпы саудасының 18,1%-ын құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда 4%-ға өсіп,                        15,4 млрд.$ құрады. Бұл ретте, Қытайға экспорт 9 млрд.$, Қытайдан импорт - 6,4 млрд.$ құрады құрады. Бұдан басқа, Қытай Қазақстанға инвестициялардың жалпы көлемінің 4,7%-ын ала отырып, Қазақстанның ірі инвесторларының бестігіне кіреді, - деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында                    24,5 млрд.$-ға 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, Қазақстан аумағындағы бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорындарының саны 700 бірліктен асты.

«Екі жақты сауданы жақсартудағы тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде біз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2020-2025 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасына қол қоюды қарастырамыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов атап өткендей, ақпараттық технологияларды дамыту және интернет желісін коммерциялық мақсатта белсенді пайдалану процесінде сауда жүйесін трансформациялау және қайта құру жүріп жатыр. COV1D-19 Дүниежүзілік індеті электронды коммерцияның дамуына серпін берді.

«Біздің ведомстволар арасында электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз», - деді Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі AliExpress Россия (Alibaba group) компаниясымен және Цайняо логистикалық операторымен (Cainiao Alibaba group бөлімшесі) қолданыстағы логистикалық сервистерді дамыту және жаңаларын жасау, атап айтқанда, ҚХР-дан Қазақстан Республикасына жер үсті көлігімен магистральдық тасымалдауды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен бірге екі жақты әріптестіктің маңызды аспектілерінің бірі өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы болып табылады.

Бұл бағыттағы маңызды жетістіктердің бірі Қазақстан мен Қытайдың мүдделі өңірлері арасындағы екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың қосымша тетігіне айналған ҚР мен ҚХР Өңіраралық ынтымақтастық форумы болып табылады.

 

 

ҚР СИМ баспасөз қызметі

  • 28.04.2021
  • 225
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика