- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстан сауда министрлігі Қытай шекарасы арқылы жүк құрамдарын қабылдауды арттыру мәселесін көтереді
2021 жылғы 27 сәуірде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың ҚХР Коммерция министрі Ван Вэньтаомен онлайн келіссөздері шеңберінде сауда және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету туралы мәселе қаралды.
Карантиндік шараларға байланысты ҚХР-да екі елдің шекарасында вагондардың ұзақ тұру проблемасы байқалады.
Бақыт Сұлтанов Алашанькоу - Достық шекара өткелі арқылы жүк құрамдарын қабылдауды тәулігіне 18-20 поездға дейін, Қорғас - Алтынкөл шекара өткелі арқылы тәулігіне 8-10 поездға дейін арттыру және «Нұр жолы» өткізу пунктінде бос тіркемелерді қабылдауды тәулігіне 20 бірлікке дейін арттыру мәселесін шешу үшін Қытайдың көмек көрсету мәселесін көтерді.
Сонымен қатар, министр жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы күн сайын Қытай жағына орташа есеппен 40-50 бірлік автокөлік құралдары (тіркемелер) өтетінін атап өтті. Бұл көрсеткіш Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропа елдерінің нарықтарын Қытай тауарларымен қанықтыруды қамтамасыз етпейді. Сондай-ақ, ол өткізу пункттеріндегі өткізу қабілетін арттыру мәселесін тезірек реттеуге үміт білдірді.
2020 жылдың соңынан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Қорғас» ХШЫО қазақстандық бөлігінің жұмыс органы болып табылады, оның ішінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының Қазақстан-Қытай халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігін іске асыруға жауапты.
Қазіргі уақытта Қазақстан қайта өңдеу қуаттарын, өнеркәсіптік кооперацияны және жаһандық жеткізу тізбегін дамытуға баса назар аударумен ХШЫО-ның одан әрі қызмет ету тәсілдерін қайта қарауда.
«Біз қытайлық инвесторларды өз аумағымыздағы ХШЫО бірлескен жобаларына белсенді инвестициялауға шақырамыз, бұл Қытай бизнесі үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тұтыну нарықтарына қолжетімділікті жеңілдетеді», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.
- «Қорғас» ХШЫО әрекет ету кезеңінде кәсіпкерлер, жеке тұтыну үшін «Қорғас» ХШЫО-ның Қытай бөлігінің кеден бекеті арқылы сатып алынатын тамақ өнімдерін (шарап, ет, шұжық және сүт өнімдері және т.б.) шығаруға тыйым салу мәселесіне үлкен алаңдаушылық білдірді», - деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.
Оның пікірінше, «Қорғас» ХШЫО-ның қазақстандық бөлігінде тауарларды сертификаттау бойынша бірлескен аккредиттелген зертхананың ашылуы кәсіпкерлік қызмет пен өзара шекара маңы саудасының тиімділігін арттырады.
ҚР СИМ баспасөз қызметі
- 28.04.2021
- 151