• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Омаров М.Т.
Ұлттық жобаның негізгі бағыттары

Елдегі бәсекелестікті дамыту - бұл абстрактілі идея емес, бұл үлкен және кіші мыңдаған проблемалар, оларды шешу қазіргі уақытта қоғамда бәсекеге қабілетті климат құрудың негізгі міндеті болып табылады.

Қазір Агенттік әзірлеп, талқылауға шығарған бәсекелестікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада бүгінгі күні экономикаға ұзақ мерзімді мемлекеттік ықпал ету салдарынан бәсекелес экономиканың дамуына кедергі келтіретін неғұрлым елеулі факторлар болып табылатын 3 базалық бағыт, тосқауыл айқындалды.  

Бірінші – «негізгі қуатқа» қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері. «Негізгі қуат» - бұл инфрақұрылым, ресурстар, оған қол жеткізбей бәсекелестер тұтынушыларға өз қызметтерін ұсына алмайды.

Көбінесе ол тарихи түрде мемлекет есебінен жасалады және оның қайталануы ұтымды емес. Ең алдымен, бұл көлік және байланыс саласындағы инфрақұрылымдық объектілер, мысалы, кәбілдік кәріз, ТОБЖ желілері, магистральдық теміржол желісі. «Негізгі қуаттарға» шектеулі қол жеткізу бизнестің жаңа түрлерін дамытуды немесе қолданыстағы түрлерін ауқымдауды қиындатады.

Екінші маңызды кедергі – бұл баға белгілеуді бұрмалау.

Кәсіпкерлік кодекстің 116-бабы бағалық реттеудің 14 түрін көздейді. Мемлекеттік баға белгілеу көьінесе объективті негізделген, бірақ кейде инновацияны, бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіреді. Осыған байланысты, баға белгілеу тәсілдерін қайта қараумен айналысу маңызды.

Үшіншіден, маңызды кедергі іріктеп қамқоршылық немесе фаворитизм. Бұл бәсекелестіктің аллокативті тиімділігін бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шаралары.

Фаворитизмнің көрінісі жеке компанияларға нарықтық билікті негізсіз беретін құқықтық актілерді қабылдауды шектейтін «Effet utile» (пайдалы әрекет) бәсекелестік қағидатын бұзу да болып табылады.

Бұдан басқа, фаворитизм түрлі бірыңғай операторларды, жеке монополияларды құрудан, айрықша немесе арнайы құқықтар беру арқылы «чемпиондарды» тағайындаудан көрінеді.

ЭЫДҰ елдерінің мысалы бойынша Ұлттық жобада сұранысты қайта бағдарлау кедергілерді жоятын жүйелерді (түрлі өнім берушілердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) туралы ақпаратты көрсететін және оларды салыстыру мүмкіндігін беретін сөре-агрегаторлар, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қашықтықтан сатып алуға мүмкіндік беретін электрондық платформалар (market place), оның ішінде сатып алушыларға өнімді таңдау және өнім берушілерді ауыстыру үшін кең мүмкіндіктер беретін ТКШ саласында дамыту көзделген, бұл тұтынушы үшін бәсекелестікті ынталандырады.

Аталған бағыттар бойынша неғұрлым түйінді салалар мен жобалар айқындалған, оларды шешу айқындаушы болады. Осылайша, Ұлттық жобада ең маңызды «мейнстрим» жобалары шоғырланған және олардың негізгі міндеті - елдегі бәсекелестік саясатын дамыту тұрғысынан «бенчмарк» құру.

Ұлттық жобаны іске асырған жағдайда басқа да көптеген проблемалық мәселелер оның жобаларына сүйене отырып шешілетін болады, себебі олар неғұрлым күрделі болып табылады және экономиканың неғұрлым маңызды салаларында орналасқан.

  • 28.04.2021
  • 410
Омаров М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика