• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Қазақстандық цемент нарығы 95% сұр сертификаттан босатылды

Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов хабарлады.

Бірінші қорытындыны шығару үшін бүгін, а.ж. 28 сәуірінде саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін «Qazsem» цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесуді ашқан сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанның сауда ведомствосы өз арсеналында адал өндірушілерді қолдау үшін әлеуетін толық қуатында пайдалануға ниетті қолдау және қорғау құралдарына ие.

Кездесу барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов жалған цементті анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді:

- Контрафактілік өнімдермен күрес және олардан ішкі нарықты қорғау бойынша жұмыстарды ТРМК ұзақ уақыттан бері жүргізіп келеді және цемент саласын ауқымды талдау нәтижелері бойынша жалған цементтің болуы мен ең бастысы – цементті сертификаттау үшін сынақ базасының жеткіліксіз жабдықталуы сияқты проблемалар анықталды.

Анықталған проблемаларды жою мақсатында «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ҚР техникалық регламентіне ҚР СТ 3361-2019 «Сәйкестікті бағалау. Цементтердің сәйкестігін растау тәртібі» ұлттық стандартының негізінде сәйкестікті міндетті растау бойынша норма енгізілді.

- Бұл шара нарықтың барлық субъектілерін біздің ұлттық стандарт талаптарына сәйкес өнімнің сертификаттаудан өтуге міндеттейді, - деді Арман Әбенов. - Бұл жерде, 2020 жылы ҚР СТ 3361-2019 қолданысқа енгізілгеннен кейін ішкі нарық сұр сертификаттардың 95% - ынан босатылып, Ираннан өнім импорты 65% - ға-14 миллионнан 4,9 миллион АҚШ долларына дейін төмендегенін айта кету керек.

Кездесуде «QazCem» қазақстандық цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Ербол Акымбаев атап өткендей, бұл стандарт цементтердің сәйкестігін растау бойынша жүйелі шешімге айналды және отандық пен импорттық өндірушілер арасындағы сертификаттау шарттарын теңестіріп, қазақстандық өндірушілерді кемсітуді жойды.

- Тағы бір маңызды себеп СРО өзі (сәйкестікті растау жөніндегі орган) СЗ (сынақ зертханасы) базасында міндетті ең аз сынақ көлемі туралы талаптардың болмауы болды. Бұл олқылық жосықсыз СРО қолайлы болатын. Өйткені сынақ жабдығы жоқ мұндай СРО қосалқы мердігерлік бойынша сынақтар жүргізген, сол арқылы ҰАО мен ТРМК сарапшыларын шатастырып отырған көптеген бөгде СЗ-ға сілтеме жасай алады. Және мұндай СРО де-факто жұмысы нақты сынақ өткізбей сертификат берумен ғана шектелетін, - деп қорытындылады Ербол Акымбаев.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы жаңа редакцияда күшіне енеді. Енді өнім қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіліп, мемлекеттік бақылаудың рөлі күшейтіледі.

ТРМК өтініштер мен ақпараттық жүйелерден алынған ақпарат негізінде техрегламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды орындайтын болады. Енді өнім үлгілерін зертханаларда сынау мақсатында іріктеу мүмкін болады.

Бұдан басқа, бұзушылықтар анықталған кезде өнімді қайтарып алу және нарықтан айыппұл санкцияларымен алып қою жүргізілетін болады.

  • 29.04.2021
  • 235
Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика