- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Жер учаскелерін, инженерлік желілер мен ғимараттарды цифрландыру, сондай-ақ қаланың 3D моделін жасау бойынша ауқымды жұмыстар басталды
Бұл шаралар арқылы инженерлік желілерге қаншалықты салмақ түсетінін байқауға болады. Сонымен бірге желідегі жүктемені, қала құрылысы процестерін болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Аудандардағы мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету қажеттілігін көруге болады.
Қаланы цифрландыру нәтижесінде пайда болатын инвестициялық карта арқылы кәсіпкерлер аудандарды қандай нысандармен қамтамасыз ету қажет екенін көре алады. Сонымен қатар жер телімдері цифрландырылады. Бұл бос жер учаскелері, жер учаскелерін тиімді пайдалану, мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелері бойынша база құруға мүмкіндік береді.
- 12.03.2020
- 413