- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
ТЖМ басшысы онлайн-қабылдау өткізді
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн-қабылдады.
Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарынан бірқатар сұрақтар түсті. Министрдің атына келген сұрақтардың басым бөлігі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болды.
Мәселен, елорда тұрғыны өз үйінің ауласында шлагбаум орнатудың қаншалықты заңды екендігін сұрады. Өз кезегінде Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қызметкерлеріне өтініш берушімен кездесіп, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, қазақстандықтар ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңінде атқарған жұмысына алғыстарын білдірді.
Қабылдау соңында ведомство басшысы ТЖМ жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді және барлық азаматтардың өтінішері жауапсыз қалмайтындығын ескертті.
- 19.05.2021
- 216