• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бақыт Сұлтанов: тауар айналымы $2 млрд жетуі тиіс.

Көзі https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми делегациясының құрамында Тәжікстанда жүрмін.

Біздің еліміз үшін Орталық Азия – сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі. Тәжікстанмен бұрыннан тығыз байланыс орнатылған - біз Тәжікстанның екінші ірі сауда серіктесіміз. Өткен жылы пандемияға қарамастан, екі елдің өзара тауар айналымы 3,7 %-ке – $791 млн-ға дейін өсті, бұл ретте біздің экспортымыздың өсуі 6% - тен асып, $693 млн-ға жетті. Ал Тәжікстаннан негізінен біз кенді концентраттар мен минералды су импорттаймыз.

Бірақ екі ел де тауар номенклатурасын кеңейтуге мүдделі. Біз Душанбеде экспортты $80 млн-нан артық өсіре алатын 35 тауар позициясының тізімін ұсындық, сауданың өсуіне Kazakh Export қаржы тетіктерін пайдалану да көмектеседі. Екі жыл бұрын Душанбеде Kazakh Export-тың өкілдігі ашылды. Қазір тәжік тарапының қазақстандық өнімді сатып алуы бойынша Kazakh Export-тың бірқатар ірі жобаларын қаржыландыру мүмкіндігі талқылануда.

Екі елдің кәсіпкерлері аптаның басында Душанбеде өткен бизнес-форум аясында кездестіп,$100 млн-ға келісімшарттар жасасты, Kazakh Export қолдауы да мұнда өз рөлін атқарды. Ал біздің экспорттаушыларға арналған бірыңғай терезе – QazTrade-Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен байланыс орнатуда.

Ынтымақтастықты кеңейту бағыттарының бірі біздің тауар өткізу жүйелерімізді түйістіру болады. Оның ішінде, тәжік ауыл шаруашылығы өнімдерін қазақстандық нарыққа жеткізу үшін бірлескен көтерме-тарату орталықтар салу арқылы қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сауда тізбегіндегі аралық байланыстардың қысқаруы арқылы біз дүкендердегі тәжік тауарларының бағасын арзандата аламыз. Айтпақшы, тәжік мейізі бізде танымал.

Сондай – ақ біздің мұнай өнімдерімізді жеткізуді ұлғайту перспективасы бар, біз қазір Рессейден кейін Тәжікстанға мұнай өнімдері экспорты бойынша екінші орында тұрмыз.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің ұсынысы бойынша өзара сауданы дамыту жөніндегі барлық идеялар 2019-2022 жылдарға арналған Қазахстан Республикасын мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тауар айналымын арттыру жөніндегі қолданыстағы Жол картасын өзектендіру кезінде және 2022-2023 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу кезінде енгізілетін болады.

1995 жылдан бері Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан Үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстан тарапынан Үкіметаралық Комиссиясының жұмыс органы біздің Сауда министрлігі болып табылады. Үкіметаралық Комиссиясының 16-шы отырыс наурыз айының соңында өтті. Онда, басқа мәселелермен қатар, бірлескен кәсіпорындар құру перспективасын талқыланды. Қасым-Жомарт Кемелұлы әріптесіне де осы бағыттағы бірқатар жобаларды ұсынды.

Айтпақшы, біз өз тауарайналымымызды тек өніммен қамтамасыз ету арқылы ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету, мысалы, аэроғарыштық индустрия және спутниктік байланыс арқылы ұлғайта аламыз.

Жалпы, пайдаланылмаған әлеует орасан зор. Екі елдің президенттері үкіметтерге осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды (бақытымызға орай, қазір коронавирустық бұғаттаулардан кейін әлемдік экономика біртіндеп жандана бастайды). Таяу жылдары өзара тауарайналым $2 млрд жетуі тиіс.

Жұмыс істуге жоспар қөп!

  • 21.05.2021
  • 230
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика