- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Жаңа жұмыс тәсілі туралы
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен бірлесіп, кезекті кеңесте тергеу органдарының негізгі шешімдерін прокурорлардың электронды форматта келісуі бойынша атқарылған жұмыстың аралық нәтижелерін талқыладық.
Жаңа тәртіп тергеушілердің жұмысын жеңілдетіп, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттырғанын атап өткім келеді.
Өзгертілген іс-қимыл алгоритмінің арқасында қылмыстық шеңберге бір мыңнан астам азаматты негізсіз және мезгілсіз тарту фактілерінің жолы кесілді.
Енгізілудегі қылмыстық процестің үш буынды моделі азаматтардың құқықтарын қорғауды және сотқа дейінгі іс жүргізудің сапасын арттыратын болады.
- 22.05.2021
- 252