• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жеңіл өнеркәсіп сатып алушыларды іздейді

24 мамырда «QazTrade» АҚ-да жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесу болып өтті.

Бизнесмендерге QazTrade-нің экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын ұсыну бөлігіндегі мүмкіндіктері таныстырылды.

Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды кредиттеу және субсидиялау ҚДБ және Даму арқылы өтеді. Өндірістік қуаттарды жаңарту мәселелері бойынша компаниялар QazIndustry АҚ-ға жүгіне алады. Олардың шаралары шеңберінде әзірлеуге және/немесе сараптамаға, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындардың ішінара өтелуін, сондай-ақ іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шетелдік қызметкерді шақыруды алуға болады. Экспорттық келісімшарттарды қаржыландыру, сақтандыру және кепілдендіру жөніндегі қызметтерді KazakhExport ЭСК АҚ ұсынады.

Барлық қаржылық емес қолдау шаралары QazTrade-де шоғырланған: консультациялық-талдамалық және сервистік қолдау, электрондық сауда алаңдарына шығару, экспорттаушыларға шығындардың бір бөлігін өтеу.

Бизнес өкілдерінің компанияға қатысты көптеген сұрақтары мен өтініштері болды.

 «Ұлттық бірлестігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «QazTextileIndustry» өзін-өзі реттейтін ұйым заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы» басқарма төрайымы Гүлмира Уахитова «QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлына ресейлік ритейлерлермен келіссөздер кезінде көмек көрсетуді сұрап жүгінді.

«Өздерінің сауда желілеріне кіру үшін олар (ритейлерлер) жеткізу, көлемдер бойынша өте қатаң шарттар қояды. Оларды орындау өте қиын. Бұл іс жүзінде қазақстандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілері үшін ресейлік желілерді жабады», - деп мәлімдеді ол. Уахитова QazTrade Бас директорынан келісімшарттар жасау кезінде делдал болуды сұрады.

Қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдегі мамандандырылған көрмелерге қатысуын ұйымдастыру арқылы экспортқа қолдау көрсетуге байланысты сұрақтар көп болды. Сала өкілдері қазақстандық компаниялардың ағымдағы жылдың қыркүйегінде және келесі жылдың ақпанында Мәскеудегі екі көрмеге қатысуына жәрдем көрсетуді сұрады.

Сондай-ақ, Кәсіпкерлер QazTrade құрастыратын басқа елдер нарықтарының экспорттық тартымдылығына қатыстыталдамалық баяндамаларға қызығушылық танытты.

«Біз Ресеймен бұрыннан жұмыс істеп келеміз. Нарықтың ерекшеліктерін, оның әлеуетін білеміз. Бірақ біз басқа бағыттардың әлеуетін білгіміз келеді. Мысалы, Армения, Тәжікстан, Балтық Жағалауы елдері. Біздің өнімдеріміз сол Балтық жағалауында еуропалық тауарлармен бәсекелесе алады деп санаймыз. Бірақ нарықтың ерекшеліктерін, оның ішінде реттеу жағын да түсіну қажет», - деді кәсіпкерлер QazTrade басшылығына.

QazTrade Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп елдік шолуларды құрастырады, онда белгілі бір елдерге түрлі тауарлар импортының ерекшеліктері ыңғайлы тілде толық баяндалатын болады.

QazTrade жеңіл өнеркәсіп нарығын талдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Жұмыс аяқталғаннан кейін біз барлық материалдарды ұлттық бірлестікке ұсынамыз», - деп мәлімдеді QazTrade Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева.

Сондай-ақ, жақын арада тағы бір осындай кездесу өтеді, онда қаржылық қолдау шараларын көрсететін компаниялар өз мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізеді. «Біз үшін мемлекеттік қолдаудың сатуда ғана емес,  сонымен қатар маркетинг пен ҒЗТКЖ-да  болуы өте маңызды», - деп мәлімдеді Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігінде.

 

Анықтама:

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп өнімінің саудасы 2020 жылы $1,7 млрд.құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 5,7%-ға төмен ($1,8 млрд.).

Қазақстаннан тауарлар экспорты 2020 жылы 38,7%-ға төмендеп, $60,5 млн құрады, Қазақстанға тауарлар импорты 2020 жылы 3,8%-ға төмендеп, $1,7 млрд құрады.

Отандық өнім экспортының негізгі үлесін Ресей (47,5%) және Қытай (15,4%) алады. Импорттағы жағдай да ұқсас: Біз өнімнің 47,1%-ын Қытайдан, 23,2%-ын Ресейден және шамамен 12,5%-ын Түркиядан импорттаймыз.

Соңғы уақытта тоқыма, төсек-орын және мақта-мата иірімжібі экспортының қысқару үрдісі байқалуда, тоқыма емес материалдарды, мақта талшығының қалдықтарын, жіптерді және т. б. экспорттауда өсім байқалады.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тауар айналымы 552 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,8%-ға артты.

QazTrade компаниясының талдауына сәйкес, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін әлемге экспорттаудың қосымша әлеуеті 250 млн. АҚШ долларынан астамды құрайды.

Негізгі басым елдер: Германия (28,6 млн. АҚШ долл.), Украина (23,2 млн. АҚШ долл.), Ресей (16,3 млн. АҚШ долл.), Румыния (15,5 млн. АҚШ долл.) және шамамен тағы 13 ел (168,2 млн. АҚШ).

 

«QazTrade» АҚ кең қызметтер түрін ұсынатын шикізаттық емес өнімнің экспортын дамыту мен жылжытудың негізгі институты болып табылады:

- консультациялық-талдамалық қолдау;

- экспорттық акселерация бағдарламасы;

- сервистік қолдау шаралары;

- экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу;

- электрондық алаңдарға шығару.

  • 25.05.2021
  • 270
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика