• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Арменияға қазақстандық экспорт 66% - ға өсіп, 7,3 млн. $ құрды

2021 жылғы 25 мамырда, Қазақстан-Армения бизнес-форумы өтті. Оның мақсаты - екі елдің сауда және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту.

Іс-шара онлайн-форматта өтті, оған Қазақстан тарапынан Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қатысты.

Сондай-ақ форумға қазақстандық ірі компаниялардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

Бизнес-форум барысында армян тарапына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ шетелдік инвесторларды қолдауға арналған қаржы құралдары таныстырылды. «Kazakhinves» ҰК» АҚ және "Қазақэкспорт" ЭСК" АҚ өкілдері Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қолдаудың қаржылық құралдары туралы айтып берді.

Вице-министр Қайрат Төребаев атап өткендей, Арменияның Қазақстанмен мұнай-химия саласында, тамақ өнеркәсібінде, машина жасауда ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективалары бар. 

Өз кезегінде, қазақстандық өндірушілер теміржол және автомобиль жолдарын салу, жылу желілерін жаңғырту, қалалық көлік инфрақұрылымын және тамақ өнеркәсібін жаңарту сияқты салаларда ынтымақтастыққа мүдделі.

Қайрат Төребаев сөз сөйлеу барысында Қазақстан мен Арменияның сауда ынтымақтастығына талдау келтірді:

- Қазақстаннан Арменияға экспорттың негізгі тауарлары шошқа еті - 473,8 мың $ (30,7% үлесімен), сондай-ақ пахта, йогурт, айран - 292,8 мың $ (19%), электр аккумуляторлары - 152,7 мың $ (9,9%), пластмассадан жасалған бұйымдар - 118,3 мың $ (7,7%), жиһаз - 116,1 мың $ (7,5%), ірімшіктер мен сүзбе - 103,9 мың $ (6,7%).

Өз кезегінде, Қазақстанға Армениядан неғұрлым импортталатын тауарлар ретінде күшті спиртті сусындар - 910,3 мың $ (үлесі 51,6%), зергерлік бұйымдар - 294,4 мың $ (16,7%), газ, сұйықтық және электр энергиясын беру/өндіру есептеуіштері - 161,5 мың $ (9,1%) және т.б. болып табылады.

- Алдын ала талдау бойынша біздің кәсіпорындар тауар айналымының оң өсімін ескере отырып, шикізаттық емес тауар айналымының қосымша көлемін 200 млн. $ астам сомаға өсіре алады, - деді Төребаев.

Сондай-ақ, Вице-министр 2020 жыл ішінде елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 15 млн. $ құрағанын, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30%-ға жоғары (11,5 млн.$) екенін атап өтті. 

Қазақстаннан Арменияға экспорт 2020 жылы 66% - ға өсіп, 7,3 млн. $ құрды.

  • 26.05.2021
  • 241
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика