• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандық тауарлардың Норвегия мен Швейцарияда тарифтік артықшылықтары бар

Қазақстан Норвегия Корольдігі мен Швейцария Конфедерациясында преференциялардың бас жүйесі шеңберінде тарифтік преференциялар алуға құқылы. Яғни, бұл қазақстандық өндірілген тауарлардың кейбір түрлеріне басқа елдер үшін белгіленгеннен гөрі импорттық кедендік баждардың неғұрлым төмен мөлшерлемелері салынатынын білдіреді.

Осы жылы Норвегия мен Швейцария преференциялардың бас жүйесі шеңберінде Еуропалық Одақтың REX-System экспорттаушыларының тіркелген жүйесін (REX жүйесі) қолдана бастады. Енді «А» нысанындағы шығу тегі сертификаттарының қағаз нұсқаларының орнына тауарлардың шыққан елін растау үшін REX жүйесінде тіркелу қажет.

Экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы
31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген.

Жүйеде тіркеу, тіркеуді кері қайтарып алу жағдайын қоспағанда, тіркеу нөмірін бере отырып, бір рет жүзеге асырылады.

Норвегия мен Швейцарияға тауарларды әкелу кезінде тарифтік преференцияларды алу үшін қазақстандық экспорттаушы коммерциялық құжатта тауардың шығу тегі туралы өтінішті (экспорттаушының атауын және толық мекенжайын, тауардың шығарылған елін, тауарды әкелу елін, өнімнің/тауардың сипаттамасын және шығарылған күнін, тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемін, үйлестірілген жүйе кодын көрсете отырып) дербес жасайды. Тауардың шығарылуы туралы өтініш қазақстандық тауарларға тарифтік преференциялар беру үшін негіз болады.

Тауардың шығарылуы туралы өтініште, егер тауарлар партиясының құны шекті мәннен 10 300 (он мың үш жүз) швейцар франкінен немесе 60 000 (алпыс мың) норвег кронынан асып кетсе, экспорттаушының тіркеу нөмірі де көрсетіледі.

Егер тауарлар партиясының құны шекті мәннен төмен болса, онда экспорттаушы тауардың шығу тегі туралы өтінішті REX жүйесінде тіркеусіз жасайды.

Қазақстандық экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеуді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған Қағидаларда көзделген нысан бойынша экспорттаушының өтініші негізінде жүзеге асырады.

  • 26.05.2021
  • 215
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика