• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Ипотекалық қарыз алушыларды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Құрметті отандастар!

Сіздерге Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайында айтып бергім келеді. Қабылданған түзетулер, ең алдымен, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобындағы (ХӘОТ) қарыз алушылар үшін қосымша қаржылай көмек көрсетуге, борыш жүктемесін азайтуға және жалғыз баспананы сақтауға бағытталған. Сонымен бірге қабылданған түзетулер өмірлік қиын жағдайда қалған және соған байланысты табысынан айрылған, 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз алған азаматтарға, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасында берілген қарыздарға қолданылады. Қаржылай қолдау көрсету шаралары кәмелет жасына толмаған қазақстандықтардың және мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілі болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ асырауында ХӘОТ мәртебесі бар адам бар және еңбекке жарамсыз азаматтарды күтіп-ұстау, емдеу шығындарын көтеретін қарыз алушыларға да көрсетіледі. Еске сала кетейік, қамқорлық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша расталуға тиіс.

Сонымен қоса Бағдарлама шеңберінде қолдау көрсету шаралары бұрын таратылған «Астана Банкінде» ипотекалық қарызы бар және Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған ХӘОТ санатындағы азаматтарға көрсетіледі. Қаржылай көмекті алу үшін көрсетілген қарыз алушылар банктің тарату комиссиясына өтінішпен жүгіне алады.

Табысы төмен ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету үшін ХӘОТ-ке жататын қарыз алушының жеке табысын екі ең төмен күнкөріс деңгейі шегінде сақтау да бекітіледі. Бұл шара бюджеттерге түсетін қаржы жүктемесін азайтып, үнемделген қаражатты коммуналдық қызметтер, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да басым шығыстар ақысын төлеуге пайдалануға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға түзетулер банктерге де қатысты. Олар үшін қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялардың шешімдерін орындау жауапкершілігі күшейтілді. Егер бұрын қарыз алушының өтініші бойынша оң шешім қабылданған болса, енді комиссиялардың шешімдері банктер үшін міндетті сипатта болады. Сонымен қатар, Түзетулерде ХӘОТ санатына жататын бұрынғы тұрғын үй иесіне банк балансынан қаржыландыру немесе жалға алу талаптарымен беру кезінде ЕДБ-ге баспананы бұрын балансқа қабылданған құнынан төмен құны бойынша меншік иесіне өз бетінше беру туралы шешім қабылдау құқығын беру көзделеді.

Мәлімет үшін, Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша қарыздары қайта қаржыландырылған, сондай-ақ тұрғын үйі банктің балансына өткен ХӘОТ санатындағы қарыз алушылар банктердің қосымша көмек шараларын алуы үшін қоса алғанда 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде тиісті өтінішпен банкке жүгінуі қажет. Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) Бағдарлама талаптарымен бұрын біржақты тәртіппен конвертацияланған қарыздарды қайта қаржыландыруды аяқтауда. Соған байланысты ХӘОТ қарыз алушылар үшін 3% және қалған қарыз алушылар үшін 12% мөлшерлеме бойынша валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін қоса алғанда 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке жүгіну қажет.

  • 27.05.2021
  • 297
Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика