• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда министрлігі экспорттаушылардың 234 млн теңге шығындарын өтеуді қолдады

Сауда және интеграция министрлігінде Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2-інші отырысы өтті.

10 компанияның 17 өтінімі бойынша жалпы 84,6 млн.теңге сомасы мақұлданды.  

Олар: «Цин-Каз» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Selena Insulations-Селена Инсулейшнс» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Пойма Май Комбинаты» ЖШС, «АЙ-АР» ЖШС, «Сервисно-заготовительный центр «АгроТраст» ЖШС, «Царская Каша KZ» ЖШС, «Жантөре Саудакент» ЖШС, «Молпродукт» ЖШС сияқты компаниялар. Компаниялар өнеркәсіптік, тамақ және ауылшаруашылық өнімдерін: теміржол немесе трамвай жолдарына арналған жол-механикалық жабдықтар мен құрылғылар; томат пастасы, кетчуп, консервіленген көкөніс салаттары, маринадталған қияр; ет, консервіленген өнімдер; ұн, кебек; сүт өнімдері өндірісімен және экспортымен айналысады. Аталған компаниялардың өнімдері Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қытай нарықтарына жеткізіледі.

Ағымдағы жылдан бастап бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорындар жұмыс орындарының саны; экспорт көлемі; еңбек өнімділігі; дайын өнім көлемі сияқты көрсеткіштерді ұлғайту бойынша бірқатар маңызды міндеттемелерді өздеріне алды.  

Одан басқа, экспорттаушы компаниялар экспорттық өткізу нарықтарын кеңейтуге және Беларусь, Украина, Чехия, Болгария, Польша, Түркия және Ауғанстан нарықтарына дейін өнімдерін ілгерілетуге міндеттенеді.

Бұрын, 1-інші  ВАК нәтижесі бойынша, 3 компания («Кондитерская фабрика «Сауле» ЖШС, «Обувная фабрика SAMHAT» ЖШС, «АБИ-Экспорт» ЖШС) бойынша  жалпы 149,3 млн тг. сомасына оң шешім қабылданған.

Жылдың басынан бері шығындарды өтеу дің жалпы сомасы  шамамен 234 млн теңгені құрады.

Анықтама:

Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген) бірқатар шығындар өтеуге жатады. Атап айтқанда, шетелде тауарларды ілгерілетуге және жарнамалауға байланысты шығындар, көрмелерге қатысуға арналған шығындар,  шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге байланысты  және тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға  сәйкес келу рәсімдеріне арналған шығындар.  

 

  • 30.04.2020
  • 527
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика