• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд құрады

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 2 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері бойынша кездесті.

Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі екенін атап өтті. Мәселен, ағымдағы кезеңдегі статистикалық деректер тауарлар саудасы көлемінің үдемелі қалпына келуін растайды.

"Тек 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында ғана тауар айналымы $1,2 млрд. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 41,3%-ға жоғары ($0,8 млрд.). Экспорт 54%-ға өсіп, $899,2 млн. құрады, импорт 11%-ға артып, $272,0 млн. құрады", - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Өзбекстан импортқа акциздерді қолданбайтынын атап өту қажет. Осылайша, 2021 жылдың 4 айы ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға акцизделетін тауарлар экспортының 85 тауар позициялары бойынша (СЭҚ ТН 10 белгісінде) $50,3 млн. сомасына 74,3%-ға өскені байқалады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде осы тауарлар бойынша экспорт көлемі $28,9 млн құрды.

Сонымен қатар, тараптар 2021 жылғы 10 сәуірде ХСЭЫО капсуласын салу рәсімінің қорытындысы бойынша қол қойылған "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын" іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар Тұжырымдама жобасын талқылау және келісу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатарынан қалыптастырылған екіжақты Жұмыс тобы шегінде келіссөздерді қарқындатудың қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов құрылып жатқан ХСЭЫО жобасының, оның ішінде оларға "қолайлы орын ауыстыру қағидатын" туғыза отырып, екі елдің еңбек ресурстарын тарту арқылы экспортқа бағдарланған өнімді өндіру жөнінде кооперациялық жобаларды оның алаңында құру бойынша үлкен әлеуетін қайталап атап өтті.

Өз кезегінде, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов "ХСЭЫО" жобасы аясында Өзбекстан барлық сауда кедергілерін жоюға және өзара сауданы күшейтуге дайын екенін хабарлады.

Тараптар, сондай-ақ, көтерме-тарату мен логистикалық орталықтарды жаңадан құру және қолданыстағыларды интеграциялау негізінде бірлескен тауар өткізу желісін қалыптастыру мәселесін талқылады.

Және те,  Б. Сұлтанов Өзбекстан мен Ауғаныстан шекарасында «Термез» халықаралық сауда орталығы жобасын іске асыруға қазақстан тарапының қатысуына мүдделілігін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты додан әрі амыту мақсатында, сондай-ақ ынтымақтастық үшін әлеуеттің бар екенін атай отырып, тараптар үш құжатқа: "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы сауда қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға", "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға», "Тауар өткізу жүйесін құру бойынша жобаны бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға" қол қоюға келісті.

 

 

Баспасөз қызметі

ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Тел.: 8(7172)74-98-94

www.mti.gov.kz

https://www.facebook.com/mtiqz/ 

https://web.telegram.org/#/im?p=@tradepolicyQZ 

  • 02.06.2021
  • 261
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика