• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Жастардың болашағы зор!

Қаламыздағы 140 мектептің 8 569 оқушысынан 536 команда жасақтау, күнделікті ауыр жаттығулар, 3 ай бойы тынымсыз тер төгу, командалық рух қалыптастыру, мектебіңнің абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан табылу,
20 млн. жүлдеге қол жеткізу – жеңімпаз командаларға оңайлықпен келген жоқ.

Жеңіс жолындағы әр сайыс сайын күш-жігеріңді сарп ету, қарсылас команданың әлсіз тұсын анықтау, оны ұту, мықтылығыңды дәлелдеудің жеңіл болмағаны да рас.
Жас буынның бос уақытын ұтымды үйлестіру, оқушылардың әлеуетін пайдалы іске бағыттау, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында «Шымкент Жастар Лигасы» игі бастама екенін дәлелдеді. Үш ай бойы күнделікті сабақпен бірге сайысты қатар алып жүруге шыдамдылық танытқан жас өскіннің алда спортты жанына серік етері сөзсіз.
Алаңда ауызбірлік көрсету, мықтыны мойындау, сүрінгенді демеу, жанкүйердің үмітін ақтау, мектебіңнің намысын қорғау – жастар лигасы көздеген тәрбиелік бағыттың бір парасы.
Ал, жеңімпаз команданың мектебіне берілетін 20 млн. теңге білім ордаларының мүмкіншіліктерін арттыруға сеп болары сөзсіз. Чемпион шығарған мектептер жүлде қорын жаратуда да оң шешім қабылдайды деп білемін.
Биыл пилоттық жоба ретінде қолға алынған «Шымкент Жастар Лигасы» көздеген мақсатына жетті. Жастарды жаппай спортқа баулуда жақсы бастама. Алдағы уақытта сайысты игі дәстүрге айналдырамыз деген ойдамын.
Осы орайда, жобаны іске асыруға үлес қосқан оқушылар мен мұғалімдерге және бастамаға қаржылай қолдау жасаған жандарға алғысымды айтамын!

  • 02.06.2021
  • 239
Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика