• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы заң қабылданды

Құрметті Қазақстандықтар!

Ағымдағы жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы заңға қол қойды.

Қабылданған Заң азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және кредиторлардың жауапкершілігін арттыруға, кредиттеу кезінде тәуекелдердің өсуіне және борыштық жүктеменің шамадан тыс өсуіне жол бермеуге, МҚҰ қызметін реттеуге және коллекторлық ұйымдар үшін талаптарды қатаңдатуға бағытталған. Бүгін заң жобасының негізгі тұстарына толығырақ тоқталғым келеді.

Мерзімі өткен берешекті реттеу туралы

Реттеудің жаңа тетігі шеңберінде банктер мен МҚҰ қарыз алушыны мерзімі өткен күннен бастап 20 күн ішінде туындаған мерзімін өткізіп алу туралы хабардар етуге міндетті болады. Қарыз алушы жүгінгеннен кейін 15 күн ішінде кредиттік ұйымдар қайта құрылымдау шарттарын ұсынуы тиіс. Қарыз алушы жүгінгеннен кейін 15 күн ішінде кредиттік ұйымдар қайта құрылымдау шарттарын ұсынуға тиіс. Атап айтқанда: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, төлемді кейінге қалдыру, оның кезегін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыш жүктемесін азайту, ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өзі сату. Бұдан басқа, банктер немесе МҚҰ қайта құрылымдауды жүргізу кезінде қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, оның кірістерінің төмендеуі, кепілдік тұрғын үйдің жалғыз болуы, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторларды ескеруге міндетті. Қарыз алушылардың банктер мен МҚҰ-ға өтініштерін қарау және проблемалық берешекті реттеу мерзімдері екі есеге – 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылады.

Қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, қарыз алушы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады, қаржы реттеушісі заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында екі тараптың өзара іс-қимылының тиімділігін бақылайды.

Қарыздар және микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің асып кетуі туралы

Президент қол қойған Заңда банктердің және МҚҰ-ның  берілген кредиттер бойынша номиналды сыйақылар және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) туралы ақпаратты кредиттік бюроға беру міндеті белгіленеді. Бұл Агенттікке мәліметтерді жедел алуға және белгіленген шекті бұзған  субъектілерге санкцияларға дейін қадағалап ден қою шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Заң сонымен қатар, микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, оны ресімдеуге және міндетті шарттарға талаптар белгілейді. Микроқарыз шартына титул парағы қоса беріледі, ол шартты жасау күнін, ұйымның атауын және қарыз алушының ТАӘ, микрокредит сомасын, өтеу мерзімін, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін/сыйақының мәнін, өтеу тәсілін және әдісін, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу тәртібін және мөлшерін қамтиды. Азаматтардың қателесуін болдырмау үшін Заң  МҚҰ-ның  жарнама тарату және орналастыру кезінде ЖТСМ көрсету міндетін енгізеді.

Борыш жүктемесінің өсуін шектеу бойынша жаңа шаралар

Қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында Заң борыш жүктемесінің өсуін шектеу бойынша жаңа шаралар енгізеді. Банктерге барлық ипотекалық қарыздар бойынша мерзімі 180 күн өткен соң сыйақы, айыпақы, комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге тыйым салынады. Заң қабылданғанға дейін тек ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша тыйым салынды.

Қосымша Заңда сыйақының, айыпақының, комиссиялардың және өзге де төлемдердің мерзімі өткен және өтелмеген сомаларына сыйақы есептеу жөніндегі тыйым салу белгіленеді. Табысы төмен және аз қамтылған азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Заңда ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бланкілік қалдықтарды есептен шығару үшін шарттарды кеңейту көзделген. Бұл шара жаңа, сондай-ақ бұрын берілген барлық қолданыстағы қарыздар бойынша табыстары ең төменгі жалақыдан аспайтын қарыз алушылар үшін кепілге салынған тұрғын үйді өткізгеннен кейін қалған борыш ауыртпалығын жедел және ұзақ мерзімді рәсімдерсіз есептен шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Заңда кредиттік тарихты сақтау мерзімін 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарту арқылы қарыз алушылардың кредиттік тарихын тазарту шарттары көзделген. Бұл шара кредиттік тарихта бұрын мерзімін өткізіп алу туралы мәліметтердің болуы себебінен жаңа қарыздар алуда қиындық көріп отырған қарыз алушыларға қайтадан қарыз алу үшін мүмкіндік береді.

Коллекторлардың қызметі туралы

Нарықты жосықсыз ұйымдардан тазарту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Заңда коллекторлардың ең төменгі жарғылық капитал бойынша талаптарды сақтау міндеті белгіленген. Бұл коллекторлық агенттіктерде елдің бүкіл аумағында борышкерлермен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін жеткілікті техникалық, кадрлық және қаржылық ресурстарының болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Осылайша, коллекторлық агенттіктер цифрлық байланыс тәсілдеріне көше алады және осылайша борышкерлермен жеке байланысты азайта алады.

Заңның маңызды бөлігі коллекторлық агенттікке тіркелмеген телефон нөмірлерінен немесе басқа адамдардың телефон нөмірлерінен сөйлесуге тыйым салуға қатысты, сонымен қатар борышкермен өзара әрекет ету процесін бейне-аудио тіркеу міндеті белгіленеді. 

Бұдан басқа, Заң борышкердің орналасқан жерін анықтау жағдайларын қоспағанда, коллектордың үшінші тұлғалармен, оның ішінде борышкердің жұмыс берушісімен өзара іс-қимылын шектейді.  Жоғарыда көрсетілген шаралар қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге, борыштық жүктеме мен проблемалы берешектің өсуін азайтуға, сондай-ақ Агенттіктің банктік қарыздар, микрокредиттер беруді және борышкерлермен өзара іс-қимыл кезінде коллекторлық агенттіктердің заңсыз іс-қимылдарын қадағалауын күшейтуге бағытталған.

 

 

  • 02.06.2021
  • 282
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика