• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Б.Нұрымбетовтың құттықтау сөзі

7 мамырда біз дәстүрлі түрде Отан қорғаушы күнін атап өтеміз. Бұл ел тыныштығын күзетіп, ерлік көрсеткен майдангерлер мен сарбаздарға құрмет білдіруден бөлек, барша ер азаматтың мерекесі саналады. Барлық Отан қорғаушы азаматтарға қажымас қайрат пен мұқалмас ерік-жігер, мақсатқа жетуде табандылық тілегім келеді! Әр күніміз айшықты, іс-әрекетіміз лайықты, сөзіміз анық, шешіміз айқын болсын.  

Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан барлық ардагерлерді келе жатқан жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

 Әр адамның міндеті - өз елінің өткенін білу және құрметтеу, келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін Жеңісті жақындату жолында майданда жаумен айқасқан және тылда бел шешпей еңбек еткен ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпау.

Соғыс кезінде 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиялары және басқа да құрылымдар құрылды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс жолында құрбан болды - олар шайқаста қаза тапты, жарақаттар мен аурулардан көз жұмды және хабар-ошарсыз кетті. Тұтқынға түскен 630 мың адам оралмады.

Майдан даласындағы ерлігі үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес одағының батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанды, 110 адам үш дәрежелі Даңқ орденінің иегері болды.

Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесін әділ бағалау қиын, олар майданды барлық қажетті дүниемен қамтамасыз етуге бар күшін салды.

Біз ата-бабамыздың бостандық, ар-ождан және бақуатты өмір үшін жасаған ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Батырларға бүгінгі қорқыныш пен қайғы-қасіретсіз мамыражай заманда мәңгі тағзым етеміз! Сондықтан бұл ұлық мерекеде ең бірінші бейбітшілік тілеген жөн екені анық. Сан мыңдаған адамның тағдырын күл-талқан етіп, қарғысына ұшырауды дені сау адамның қаламасы даусыз. Бұл ретте Жеңістің әр жылы тек жақсылық пен Отанға сүйіспеншілікке, ізгілікке жетелесін дейік, ағайын! Ешкім ешқашан соғыс көрмесін.

Жеңістің қадірін жете түсінуші әр қазақстандыққа тағы да мықты денсаулық пен құт-береке, жақсылық тілеймін!

  • 06.05.2020
  • 539
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика