- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Қазақстандықтар немқұрайды бизнесмендерге шағымданады
Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұтынушылардың құқықтары күн сайын бұзылады. Бұл фактіні тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 2021 жылдың бірінші тоқсанында келіп түскен 6 мыңға жуық шағым растайды.
Тұтынушылардан шағымдардың негізгі ағыны шағын және микробизнестің жосықсыз кәсіпкерлерінің үлесіне келді. Осының негізінде комитеттің облыстық департаменттері айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылған және ескерту алған бизнесмендерге қатысты 23 жоспардан тыс тексеру жүргізді.
2021 жылдың бірінші тоқсанында ведомство шағымдардың жалпы санының 958 қанағаттандырылды, 313 тиісті органдарға жолданды. 2000ға жуық адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме алды.
Өткізілген іс-шаралар шеңберінде қазақстандық тұтынушыларға 23 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Айта кету керек, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі бірқатар маңызды реформалардан өтуде. Себебі, қолданыстағы құқықтық нормалар ескірген, ал тұтынушылық құқықтарды бұзу саны есе өсті. Оған 2020 жылдың қорытындысы дәлел болды, оның барысында Комитетке және оның аймақтық органдарына 20919 өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.
Азаматтардың өтініштерін талдау шағымдар санының өсуі пандемиямен және тұтынушылармен байланысты екенін анықтады.
Қазақстандықтар көбінесе көлік қызметтері сапасының төмендігіне шағымданды. Әрі қарай, бұл қолайсыз рейтинг бөлшек сауда, тұрмыстық және туристік қызметтерді қамтиды. Электрондық сауда, байланыс, ТҮКШ, қаржы, қоғамдық тамақтану, медицина және басқа да салаларда қызмет көрсету халықтың наразылығын тудырмады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Комитет 7380 шағымды қанағаттандырып, құзыреті бойынша салалық мемлекеттік органдарға 3863 жіберді,9577 түсініктеме берілді.
Өткізілген іс-шаралар шеңберінде тұтынушыларға 249 млн.теңгеден астам, соның ішінде сот арқылы қайтарылды. Айтпақшы, 2020 жылы комитет пен оның бөлімшелері соңғы 6 жылда алғаш рет соттарда тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау тәжірибесін қайта бастады. Жыл ішінде барлығы «Бэк Эйр» компаниясына қатысты сотқа 4 ұжымдық талап арыз берілді. Комитет 1740 адамның мүддесін қорғады. Бұл ретте бірінші және екінші сатыдағы соттар 2 талап арызды қанағаттандырып, заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің «Самер» ЖШС не ұжымдық талабы көлемде қанағаттандырылды. Іс 12 тұтынушыға жиһазды сапасыз дайындағаны үшін 1,7 млн. Теңге сомасындағы ақшалай қаражатты өтеу мәселесімен байланысты болды.
Мемлекет ҮЕҰ-ның көмегімен тұтынушылық құқықтарды қорғау жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар өзгерістер жүргізуде.
2020 жылғы 25 маусымда «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 1-ші заң қабылданды. Осының арқасында тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылу механизімі енгізілді. Сонымен қатар, кәсіпкер енді клиентпен жанжалды «осында және кәзір шеш» қағидасымен тез шеше алады. Бұл талаптардың уақыты мен ресурстарын қысқартады, бизнеске қысым мен соттардың жүктемесін азайтады.
Заңға енгізілген өзгерістер бақылауды «мемлекеттік» және «қоғамдық» деп болды, бұл тұтынушыларға бизнеске әкімшілік әсер еткенде дейін өз құқықтарын қалпына келтіруге көмектеседі.
Даудың нәтижесі, сәйкесінше тұтынушының әрі қарайғы көңілкүйі құзыретіне және моральдық принциптеріне байланысты құқық қорғаушы-кәсіпқойлардыңтізімі жасалды.
Тұтыну проблемаларының маңыздылығы маңыздылығы мемлекеттік органдардың қызметін Өкімет жанынан құрылған ведомствалар аралық кеңесетін бағалауы есебінен артты. Пилоттықрежимде бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылды.
2021 жылғы сәуірде Заңға түзетілердің 2-пакетіне Тұжырымдамасының жобасы мемлекеттік органдарға, «Атамекен» ҰКП-ға және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі 30 ҰЕУ мүдделерін білдіретін Қазақстанның республикалық тұтынушылар қауымдастығына қарауға жіберілді. Тұжырымдама жобасының мәтіні жария талқылай үшін Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Ақпан мен мамыр аралығында ҰЕУ, мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтті, Тұжырымдама жобасында көрсетілген негізгі ережелерді түсіндіру мәселесі бойынша жұмыс кездесулері өтті.
Сонымен қатар, өткен жылы тұтынушылық құқықтарды қорғау жүйесін реформалауға оң әсер еткен бірқатар үкіметтік және халықаралық іс-шаралар өткізілді.
Ведомство көптеген міндеттерді 2021 жылы іске асыруда. Ең маңыздыларының бірі – «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға түзетулердің 2-пакетін әзірлеу. Бұл жұмыс тұтынушылық құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған. Инновациялар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін «саннан сапаға» қағидаты бойынша бір қауымдастыққа шоғырландыру арқылы біріктіруге көмектеседі.
Ұсынылып отырған жаңа институт, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан барлық ҰЕУ үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Норма шығармашылық түзетулер жұмыстағы біркелкі тәсіл есебінен әділ азаматтық қоғамды қалыптастыруға барлық салаларда: саудада, қаржыда, медицинада, туризмде, білім беруде және т. б ҰЕУ қызметінде тар бейінді бағыттарды дамытуға көмектеседі, сондай-ақ бұл мемлекеттің тұтынушылық дауларды шешуге қатысуын барынша азайтады.
Заңға енгізілген түзетулер бірқатар оң өзгерістерге алып келеді. Атап айтқанда, сөз тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу арқылы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту туралы болып отыр.
Қоғамдық бірлестіктерге тұтынушыға өтелетін айыппұл сомасынан сыйақы алу арқылы қаржыландыру берілетін болады.
Электрондық сауда саласының белсенді дамуын ескере отырып, тауарларды қашықтықтан сату тәсілін жетілдіру жалғастырылады.
«Техникалық жағынан күрделі тауар» ұғымын енгізу арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнамасы ЕЭО-ға қатысушы елдермен үйлестіру мәселесі, сондай-ақ елеулі не Елеулі емес кемшіліктер анықталған кезде техникалық жағынан күрделі тауарларды қайтаружәне айырбастау шарттары белсенді түрде шешілетін болады. Салалық заңның негізгі ережелері қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және басқада қызметтерге қолданылады.
Тұтастай алғанда, жаңа нормалар заңнамалық актілерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына қатысты олқылықтарды жоюға ықпал етеді.
Құрметпен, Баспасөз қызметі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитеті
https:https://www.gov.kz/memleket/entities/mtikzpp/press/news/details/211328?lang=kk
Тел: +7701 804 43 73
E-mail: press.kzpp@gmail.com
Телеграмм: @kzpp_bot
- 04.06.2021
- 200